Айыптау - түсінуден гөрі әлдеқайда оңай

Скачать

Айыптау, кіналау туралы қысқа жазбалар.

Мен өкпелеген кезде, аспандағы күнді де кіналаймын.

Мен прокурор емеспін сені айыптайтын адвокат емеспін қорғайтын, үкім шығартын сот та емеспін.

Олар мені емес, қиялынан жасап алған жанды жақсы көрді. Олар мені таныған кезде, өздерінің қиялға берілгені үшін мені айыптады.

Өзіңді ақтап алу көп сөз бен энергияны қажет етеді. Ал, кіналауға бір ауыз сөз жеткілікті.

Айыптау – түсінуден гөрі әлдеқайда оңай.

Болған жағдайға бәрі мені айыптауға тырысады. Кінәлі сезіну мені көрікті етіп көрсетеді - ау деймін.

Күздің болғаны қандай жақсы – барлық кінәні соған арта саламын.

Бәріне күзді айыптай салар едім, алайда ол емес, бәріне сен кінәлісің.

Егер кімде - кім жағдайы қиын бола тұра езу тарта білсе, яғни ол кімді айыптайтынын біледі.

Маған ренжіген әке-шешемнің ойынша, мен – күні-түні компьютердің алдынан тұрмайтын жалқау, ар-намыссыз, мисыз, көмектесуді білмейтін оңбаған біреумін.

- Қарындас, милицияға жүріңіз! – Не үшін? – Мен сізді ұрлық үшін айыптағым келеді! – Түсінесіз бе.... сіз менің жүрегімді ұрладыңыз...

Дайындаған: Жадыра


Скачать


zharar.kz