Ауыл көрінісінің суретін салу

Скачать

Сабақ тақырыбы: Біздің ауыл
Дүниетану
Сыныбы: 1 – сынып
Жалпы мақсат: Туған ауылымен таныстырып, өзінің туған жері - үлкен Отанның бір бөлігі екенін ұғындыру.
Сілтеме: 1. Үлестірме материалдары
2. 1 - сыныпқа арналған дүниетану оқулығы
3. TrHW3D1
4. Әдістемелік құралдар
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
- Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты салыстыруды
- Жаңа тақырып бойынша өз бетінше жұмыс жасауды
- Өздігінен шешім шығаруды...
- Жұптаса талдауды...
- өз жұмысын таныстыра білуді
- Жұптасының ойын қолдауды
Негізгі идеялар: Отанға деген сүйіспеншілікті ояту және жаттығу жұмыстарын өздігінен орындату. Ауылдың аты мен көшелері, олардың аталу тарихы, басты - басты мекемелері, адамдар үшін пайдасы, маңызы. Сабақта қолданылатын материалдар:
1. Үлестірмелі материалдар 2. интерактивтік тақта

3. таза парақшалар
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер, АКТ, СТО,
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Жұптық жұмыс
Дерек көздері:
Дүниетану оқулығы
Оқушы анықтамалығы
Әдістемелік кітаптар
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, салыстыру, сипаттау, ойларын топтау...
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс - әрекеті:

І. Ұйымдастыру бөлімі "Амандасу салтымен"жаттығуын оқушылар орындарынан тұрып орындайды.
ІІ. Психологиялық дайындық
Күй таратамыз күмбірлі, күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді, көңілді,
Би билейміз ырғақты, ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты, сабақты.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Сабақ желісін хабарлау
Мултьфильм кейіпкері Губка балақайының (Спончбоп) қонаққа келуі
Губка балақайының суретін көрсету.
Оның ауылға қонаққа келгенін хабарлап, саяхаттағысы келетіндігін айту. Сабақ желісі ауыл ішіне саяхат түрінде болатындығы хабарланады және слайдтан көрсетіліп отырылады. Ал, оқушылар
Губка балақайының сұрақтарына жауап береді және ұсыныстарын қабыл алады

ІІ. Үй тапсырмасын
1 - аялдама. Дүкен базарлығы. Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы пысықтау.
(Ескерту: әр алдамаға келген сайын аялдама туралы әңгіме өрбіту)
-- Мектеп - білім ордасы дегенді қалай түсінесің?
-- Сенің мектебің кімнің атында?
-- Мектепте қандай үйірмелер бар?
-- Мектеп саған не үйретеді?
-- Мектепті бітірген соң кім болғың келеді?
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, дүкеннен тәтті балмұздақтар алады.
ІІІ. Жаңа тақырып Мұғалімнің іс - әрекеті
2 - аялдама. Әкімшілік үйі.
Сабақ басында кіріспе сұрақтары қойылады.
Оқушыларға сұрақтар қойылып, жауап алынады.(Мұғалім сөзі)
- Мектеп туралы жақсы дайындалып келіпсіңдер. Енді менің мына сұрақтарыма жауап беріп көрелікші.
- Біздің мектебіміз қай жерде орналасқан?

О:- Мектебіміз Қ. Айтазин көшесінде орналасқан. (сұрақтарға жауап береді)
М:- Мектебіміздің айналасында нелерді көруге болады? -
Олардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз? - Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз "Біздің ауыл " деп аталады.
Жаңа сабақ түсіндірмесі Олай болса оқулығымыздың 129 - бетін ашайық, келген аялдамамызда жаңа тақырыппен танысып кетелік. Мұғалім мәтінді жақсылап оқиды. Оқушыларға түсіндіріледі. Сондай - ақ суретпен жұмыс жасалынады.
3 - аялдама. Мәдениет үйі. Бұл аялдамада оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
4 - аялдама. Темір жол вокзалы.
Вагондарда жазылған мақалды дәптерлеріне жазу. Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз!
5 - аялдама. Саябақ. Би терапиясы. (Интербелсенді тақтадан көрсетіледі)

ІV. Қорытындылау 6 - аялдама."Балауса " балабақшасы. Балабақша балаларына ойыншықтар сыйлау. Оқушылар мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берсе Губка балақай бір ойыншықтан беріп отырады.
Қойылатын бекіту сұрақтары:
- Сенің ауылың қалай аталады?
- Ауылыңда қандай көшелер бар және олар қалай аталады?
- Ауыл адамдары алысқа қалай қатынайды?
- Ауыл мен қаланың айырмашылығы бар ма?
- Ауыл саған не береді?
Оқушылар сұрақтарға жеке орындарынан тұрып жауап береді. Сұрақтарға жауап берген сайын Губка балақайдың ала келген ойыншықтарын балабақшаға сыйлайды.
Саяхаттың соңғы аялдамасынан кейін мектепке келу.

V. Үй тапсырмасын беру 129 - бет. Ауыл көрінісінің суретін салу. Ауыл туралы әңгіме жазу. Үй тапсырмасын негіздеу, түртіп алу.
VI. Бағалау Мұғалім Губка балақайының жейделерін оқушыларға таратады. Жейделер түрлі кейіпте болады.
VII. Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, Губка балақайға ұсыну. Кері байланыс бұрышына ілінеді.


Скачать


zharar.kz