Қазіргі күннің миллионерлері күн сайын бір киімді қайталап киеді.
Біздің түсінігімізде байлар киімнің ең сәндісін киеді деп ойлаймыз. Киімнің қандай түрін алса да қаржысы жетеді. Алайда, біз қателесуіміз мүмкін. Байқап қарасаңыз, Марк Цукерберк өз жобасын таныстырғалы бері сұр футболкамен көреміз. Марк Цукерберк қана емес, одан басқа миллинерлер - британ - америкалық режисер Кристофер Нолан да, атақты жазушы Элис Грегори де, арт - директор Матильда Каль де осы әдетті құптайды, яғни күнде жаңа киім киюден бас тартады. Қазір сән әлемі қарқынды дамып жатқанымен де, капсулды гардероб сұранысқа ие болып тұр. Капсулды гардероб бар болғаны 10 - 15 базалық заттан тұрады. Бай - қуатты адамдар дәл осы гардеробты таңдайды.
1. Шешім қабылдау жеңілдейді. Шешім қабылдау көбейген сайын сапасы нашарлайды. Марк Цукерберг: Күнбе - күн маңызды шешім қабылдайтын болғандықтан, қоғамға қатысы жоқ нәрселерді мейлінше қысқартқым келеді. Күнделікті не киетінімді ойлауға уақыт жоғалтқым келмейді ,- дейді.
2. Уақытты үнемдеу. Киім таңдауға қанша уақыт кететін тіпті ойламаймыз. Күнде таңертең жұмысқа не киіп баратынымызға бас қатырып қанша уақытты шығындаймыз. Біраз уақыттан бері киілмеген көп киімнің бірін таңдауға, оны басқасымен үйлестіруге жіберетін уақытыңызды есептеңіз. Бірін шешіп, бірін киіп, бір шешімге келдім - ау дегенде, оған жаңадан киетін киіміңізді үтіктеуге кететін уақытты қосыңыз. Осылай жүргенде жұмысқа не кездесуге кешікпесіңізге кім кепіл?
3. Күйзелістен арылу. Нью-Йорктің әйгілі арт - директоры Матильда Каль капсулды гардероб арқасында сәнді киімді ойлап күйзеліске түспейтінін айтады. Ол: Мынау тым қысқа емес па? Мынау тым ашық емес па? , - деп ұзақ ойланатын. Ол киген киімін көңілі толмағанын метроға келіп мінген сәтте ғана ұғатын. Ал қазір күнделікті ақ жейде мен қара шалбар киеді, ешқандай алаңдаушылық жоқ.
4. Күш - қуатыңды шығындамау. Бұл идеяны атақты Кристофер Нолан ұстанады. Киімі көп кісі Не кисем екен? , деген сұраққа жиі бас қатырады. Киім - кешек көбейген сайын, әрқайсысын жуып - тазалауға күш - қуаты жұмсайды. Жетістікке жетуді қалайтын әрбір жан мұндай істерге уақытын шығындамайды.
5. Аз бірақ сапалы. Гардеробта киім қанша көп болғанымен оның бәрі киілмейді.
Бұрын менің гардеробымда киімнен көз сүрінетін, алайда сол киімдердің көбі өзіме ұнамайтын, оларды кигенді өзімді жайсыз сезінетінмін. Қазір менде капсулды гардероб, онда аз таңдаулы киімдер бар. Бұл киімдер жарасымды ғана емес, оларды кигенде өзімді сенімді, мінсіз сезінемін, - дейді жас ана.
6. Культ.
Нью - Йорк жазушысы Элис Грегори былай дейді: Күнде бір киімді қайталап кию бұл – культ . Өзіңді танымал сезінудің арзан да оңай жолы. Таңдалып алынған бір киім үлгісін кию кемелдік, тұрақтылық сияқты құндылықтардың көрінісі. Балалар әдебиетінің қаһармандары үнемі бір киімде көрініс табуы, тұрақтылық пен сенімділікке үйретуде балаларға үлгі бола алады .
7. Ақша шығындамау. Жасыратыны жоқ: киім ілетін шкафыңызда жылына бір рет те киілмейтін киімдер жетерлік. Ал енді, қанша ақшаны босқа шығындағаныңызды есептеп көріңіз.
Дереккөзі: soulpost
Дайындаған: Жадыра.