Сөздердің ешбір жалғаулықсыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы

Скачать

Қазақ тілі 7 - сынып (презентация)
Бізден сұрақ – сізден жауап
Синтаксис нені зерттейді?
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылықтарын ата
Сөз тіркесінің түрлерін ата
Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін ата

Сабақтың тақырыбы: Матасу
"Адамға екі - ақ нәрсе тірек - тегі
Тілі және білімі жүректегі" (Ж. Баласағұн)

Сөздердің байланысу түрлері
● Түрі: Қиысу
Ережесі: Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы
Мысылы: І. Мен жазушымын
ІІ. Сен бала - сың
ІІІ. Біз барған - быз
● Түрі. Матасу
Ережесі: 1. Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.
2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі
Мысалы: Бала – ның үй - і, біз - дің гүл - іміз. Ауыл тұрғындары
● Түрі: Меңгеру
Ережесі: Сөздердің ілік септіктен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы
Мысалы: Су - ды төкті. Ағасы – на берді. Біз - ден сұрады.
● Түрі: Қабысу
Ережесі: Сөздердің ешбір жалғаулықсыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.
Мысалы: Қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр, алтын сағат.
● Түрі: Жанасу
Ережесі: Сөздердің ешбір жалғаулықсыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеу мен етістік жанаса байланысады.
Мысалы: Кеше болды, әдейі келді, сол арқылы білдім.


Скачать


zharar.kz