Баялдыны қызанақ сөлінде пісіру

Скачать

Баялдыны қызанақ сөлінде пісіру. (қыз мезгіліне дайындық)

Баялды (баклажан) – 2 кг.
Қызанақ – 2 кг.
Болгар бұрышы – 2 бас.
Ащы бұрыш – 1 бас.
Сарымсақ – 4-5 бас.
Сұйық май – 100-120 гр.
Тұз – 1 ас қасық.
Шекер – 70-100 гр.
Ақжелкен (петрушка) – 7-8 тал.
Қара бұрыш (горошек) – 5-6 түйір.
Сірке суы (уксус) 9 % – 30-40 г.

Баялдыны турап, тұзды суға салып қойыңыз, аштысын кетіру үшін 30 минуттай тұрсын. Сонан соң салқын сумен жақсылап жуып жіберіңіз. Баклажанды жуан-жуан дөңгелек етіп тураңыз. Бір баялдыны 7-8 бөлікке бөліп турасаңыз жеткілікті.

Қызанақты жуып тазалап алған соң, сокқа айналдырыңыз, үлкенірек ыдысқа құйып отқа қойыңыз. (Дайын сок пайдалануға да болады).
Болгар бұрышын тазалап алып, төртбұрышты етіп майдалап турап, сокқа салыңыз. Сарымсақты да майдалап турап немесе езіп қайнап жатқан сокқа салыңыз. Қара бұрыш (горошек) ащы бұрыш, ақжалкенді турап сокқа салыңыз. Шекер, сұйық май, тұз салыңыз. Сірке қышқылын құйыңыз. Сокты араластырып қойыңыз да 15-20 минут жай отта қайнатыңыз.

Үлкенірек кастрөлге 3-4 ожау қайнаған сокты құйыңыз. Туралған баклажанды реттеп салып шығыңыз, екі қатар салып шығып үстіне 2-3 ожау сокты құйыңыз. Осылай барлық баклажанды салып сокты құйып шығыңыз да 20 минутқа отқа қойып қайнатыңыз. Баклажанның сокқа түгел батуын қадағалаңыз, алғашқыда батпай тұруы мүмкін, кейін қайнаған соң батады. Дайын болған соң стериленген банкіге баклажанды езбей салып, аздап соктан құйып жаба беруге болады.
Іске сәт, асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра.


Скачать


zharar.kz