Қой сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейікші

Скачать

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, "Балбөбек" балабақшасының
І санатты ересектер тобының тәрбиешісі
Шукирбаева Гулжан Аманкосовна

Тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Сауат ашу және жазу.
Мақсаты: Қ дыбысымен және әрпімен таныстырып, сөздерге дыбыстық талдау жасап білуге үйрету. Қ дыбысын қатыстыра отырып сөз, сөйлем құрау, буынға назар аудару және қ дыбысының сөздің қай жерде кездесіп тұрғанын (басында, ортасында, соңында) таба білуге дағдыландыру. Байланыстыра сөйлеуге, ұғымталдыққа баулу.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Балалар шаттық шеңберінде Ойлан тап ойынын ойнап жіберейік. Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің қойған сұрағын тез жауап беріп, допты кері лақтыру керек.
Іздену - ұйымдастырушы
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, өткен әріптерімізді қайталап жіберейік.
Тосын сәт:
Слайдтан ата - ана Айнагул көрінеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Аяужанның анасы боламын. Мен қызымның не үйренгенін білгім келіп, хабарласып отырмын. Сендер қандай әріптерді үйрендіңдер соны білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсің ба, Айнагул!
- Балалар, біз Аяужанның мамасына қандай әріптерді өткенімізді көрсетеміз бе?
Айнагул:
- Ендеше менімен Сөз ойла, тез ойла ойынын ойнағыларың келе ме? Ойында мен бір әріпті көрсетемін сендер сол әріпті атап, сол дыбыстан басталатын сөз ойлайсың - дар, ойлаған сөздеріңнің орысша, ағылшынша аудармасын айтуларың керек.
- Балалар слайдтан көрсеткен әріптерді атап, сол әріптен басталатын сөз ойлайды да, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтады.
- Жарайсыңдар, балалар, әріптерді біледі екенсіңдер, рахмет сіздерге, сау болыңыздар!
- Бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырып жіберейін.

Жұмбақ.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
- Қой.

2. Көкала костюм киеді,
Бойын жерге жасырған.
Күннің көзін сүйеді,
Бұрымы бар жасылдан.
- Қарбыз.

3. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
- Қоян.
- Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян, қарбыз сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр.
- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі.
- Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астын қойып Қ дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге қ дыбысын қайталап айтады.
- Қ дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Көк текшемен белгілейміз.
- Қ дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.

- Қасқыр, қоян, қой, қала, қаймақ, қар, қалам, қасық.
- Жарайсыңдар, енді қасқыр, қой деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады.
- Қас - қыр - екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Қой - бір буыннан, бір дауысты дыбыстан тұрады.
- Қой сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейікші.
Балалар қой сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Сергіту сәті:
Ойын: Дыбысты анықта .
Ойынның шарты: балалар орындарын тұрып, тәрбиеші а дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал қ дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.
Бейнежазба: сиқырлы әліппе ашылып, Қ дыбысынан басталатын сөздер айтылады.
Үлестірмелі жұмыс:
- Балалар, алдымызда тұрған кеспе әріптермен қ дыбысы басында, соңында кездесетін сөздер жазайықшы.
Рефлексивті коррекциялаушы
- Балалар, қ дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын: Кім тез ойлайды? .
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала қ дыбысынан
басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.
Ойынға шыққан бала қасықты алып бұл қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз сөйлем құрайды.
Ашық оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;
Игереді: Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;
Білді: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды.

Бұл ашық оқу іс-әрекетінің өтілу барысын мына сілтемені басу арқылы көрулеріңізге болады: https: www.youtube watch?v=aNRemgDCo7U


Скачать


zharar.kz