Әдебиет. 11 - сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқановтың Сұлушаш поэмасындағы образдар жүйесі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға поэманың композициялық құрылымын меңгерте отырып, образдар жүйесіне назар аударту.
Міндеті: а) Білімділік: поэманың композициялық құрылымын меңгерту арқылы ақынның тіл шеберлігіне назар аударту.
б) Дамытушылық: әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой – өрістерін кеңейту шығармашылыққа жетелеу, мәтінмен жұмыс түрлеріне жаттықтыру.
в) Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
Типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі: таблица.
Әдістері: Сұрақ - жауап, мәнерлеп оқыту, талдау, пікірталас.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. топқа бөлу, бағалау барысын түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сұлушаш поэмасы қандай мәселені көтеріп отыр?
2. Поэманың оқиғасы кімдердің төңірегінде құралған?
3. Сұлушаш поэмасына ұқсас поэмаларды ата Қалқаман - Мамыр , Қамар сұлу , Қыз Жібек , Қозы Көрпеш – Баян сұлу , Еңлік - Кебек
ІІІ. Сабақты дамыту: Сұлушаш - өлеңмен жазылған роман деп жазылсын - депті С. Мұқанов. Поэманың бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегінде құрылған. Яғни, осы екі жастың сүйіспеншілігі, бір - біріне махаббаты жырланады. Трагедия Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Екеуінің албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын - сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып, азапта өледі.
Шығарма халықтық Сұлушаш эпосының негізінде жазылған. Себебі Сәбит Мұқанов кішкентайынан халық эпостарын жаттап өскен. Бұлай деп айтатын болсақ, негізгі кейіпкер Сұлушаштың прототипі Мариям екенін дәлелдеу қиынға соғады. Бірақ С. Мұқанов эпос желісіне сүйене отырып, кейіпкерлерді өзі араласып жүрген ортадан алып суреттеп, бейнелейді.
Идеясы Әлеуметтік теңсіздіктің жастардың бас бостандығына бөгет болуы.
Тақырыбы Тарих шындығы мен махаббат шындығы
Мәтінмен жұмыс: 1. Алтай мен Сұлушаштың кездескен тұсын оқы
2. Алтай ән салғандағы табиғат көрінісі
3. Күйеудің ұрын келер сәтінде ауа - райы қалай құбылды?
Қысқаша мінездеме бер:
1 - топ: Сұлушаш
2 - топ: Қайсар
3 - топ: Алтай
Кеспе қағазы:
1 - оқушыға: Қандай кәсіп суреттелген?
Желіде жүр сауыншы көнек іліп,
Кеудесі ашық шынтақтан түгел жеңі...
Пісілді күрт - күрт етіп қара саба,
Даусына жаңғырықты мидай дала.
Иіндеп саба - саба жиған іркіт
Асылып жер ошақта қайнады құрт...
2 - оқушыға: Алтай мен Қайсар қандай кәсіппен айналысады?
Қазіргі таңда сол кәсіппен тең деп қай мамандықты атар едің?
Сабақты бекіту:
1.
2. Үш жастың тағдыры
Алтайдың өлімі қандай ой салды? (Қазіргі заманмен салыстыру)
3. Прототип деген не?
Сұлушашты сенің алтын шашыңа арнадым, Мәриям
С. Мұқанов
Сабақты қорыту. Мен маңғаз Алтайды құлдың баласы, өмірі кісі есігінде мехнат көрген батырақ еттім. Құлдың баласына ғашық Сұлушаш сүйіктісімен елге сыймай, тағы тауға барып паналаған болып шықты. Қайсар, Ермектерді жанымнан қостым да, сюжет құрдым ,- дейді С. Мұқанов
Үйге тапсырма: Шығармадағы әдет – ғұрыптарды жазып келу
Бағалау.