Сынып оқушыларын топқа бөле отырып топтастыру

Скачать

Африка материгінің ашылуы және зерттелу тарихы
Сілтеме: Материктер мен мұхиттар географиясы 7-сынып 170-171 беттер, 7 сыныпқа арналған атлас картасы. т.б. интернет көздері.
Жалпы мақсаты: Африк материгін зерттеу тарихындағы финикиялықтар мен гректердің ұғымы, сол сияқты португалдықтардың ашқан жерлері мен Д. Ливингстон және В.Юнкердің зерттеулеріне тоқтала отырып әрбір топпен бірге материкке қайта экспедицияға шығу. Сынып оқушыларын топқа бөле отырып топтастыру.Әр топтың атын тақырыпқа байланыстыра отырып қою.Мысалы:
1–топ Давид Ливингстан экс.
2-топ Васко-да Гама кемесі;
3-топ Орыс ғалымдары;
4-топ Араб зерттеушілері.
Топ арасында түрлі ойындар ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып тақырыпты меңгерту.

Сабақта туындаған негізгі идеялар
1) Түнгі Африка ойыны. (әр топтың топ басшысы тақтаға шығарылып көзі байланады және мұғалімнің айтқан обьектілерін конур картаға түсіреді.)
2) Мәтінді толықтыру (Әр топқа аяқталмаған мәтінді беріледі, ал оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді толықтырады және оны кескін карта бетіне түсіреді.)
3) Мәтінмен жұмыс және еске түсіруге арналған сұрақтар.
4) Ойтолқы (оқушылардың оқыған мәліметін жинақтап ойын бір жүйеге келтру үшін видеороликтер қарау)
5) Біздің экспедиция
Берілген кескін картаға өздерінің зерттеу жүргізген аймақтары туралы сызба сызу және жүргізген зерттеулерін айту

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер Материктер мен мұхиттар географиясы 7-сынып 170-171 беттер,7сыныпқа арналған атлас картасы. т.б. интернет көздері.
1) Үйге берілген сабақты еске түсіру.
Түнгі Африка ойыны. (әр топтың топ басшысы тақтаға шығарылып көзі байланады және мұғалімнің айтқан объектілерін контур картаға түсіреді.)
• Африка – экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк
• Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен – Ніл өзені
• Жер шарындағы ең үлкен шөл – Сахара
• Жер шарындағы ең жоғарғы температура – Әл – Азизия қаласы
• Материкте теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Килиманджаро
• Ең терең орналасқан жері – Ассал көлі
• Африкадағы ең ірі көл – Виктория көлі
• Ең терең көл – Танганика көлі
• Материктегі ең ірі сарқырама – Тугела сарқырамасы

Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
№147 гимназия география пәні мұғалімі
Керимшеева Береке Рысказиевна


Скачать


zharar.kz