Ұйымдастыру кезеңі оқушыларды түгендеу

Скачать

6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік - эстетикалық сезімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ - жауап, талдау.
Көрнекіліктер: слайдтар, сызба - нұсқа, тақырыпқа арналған кесте - плакат, оқулық
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
*оқушыларды түгендеу;
*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сіздермен бүгін тікелей эфирде жұмыс жасаймыз. Мектебімізде 21 қыркүйектен бастап Қазақстан халқының Тілдер фестивальі аясында үш тілде сыныптан тыс іс - шаралар өткізіліп, ашық сабақтар жүргізілуде. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” деген болатын. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді - деген ескерту айтқан болатын.
Бүгінгі айдарымызда Сөз таптары. Зат есім тақырыбында сөз қозғаймыз.
Тіл білімінің бір саласы – морфология. Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы.


Скачать


zharar.kz