Сызықтық теңдеуді зерттеген қазақ математигі кім

Скачать

Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу (слайдымен)
Сабақтың мақсаты 1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді есептер шығару арқылы бекіту
2. Есептеу әдістерін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасауға, өзара көмектесуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Тақта, сызбалар, интерактивті тақта, карточкалар, оқулық.
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Сәлемдесу әдебі
3) Слайдта көрсетілген тақ сандар , жұп сандар және теріс сандар бойынша оқушыларды үш топқа бөлу және топ басшыларын анықтау

2. Өткенді қайталау
1. Қайталау сұрақтары:
1) Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деген не?
2) Мәндес теңдеу деген не?
3) Сызықтық теңдеудің екі негізгі қасиеті қайсы?
4) Сызықтық теңдеудің түрін алғаш көрсеткен ғалым кім?
5) Сызықтық теңдеуді зерттеген қазақ математигі кім?
2. Теңдеуді шешіп, коэффициенті мен бос мүшесінің қасиеттерін айтыңдар.
1) 2x – 5=2(x+0, 5)
Жауабы: a=0 b≠0, теңдеудің шешімі жоқ.
2) 3, 5(2x – 1)=3x – 3, 5
Жауабы: a≠0 b=0, теңдеудің түбірі 0 - ге тең.
3) 4, 2(x – 1)=0, 2(x+4)
Жауабы: a≠0 b≠0, теңдеудің түбірі b a - ға тең.
1) Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.
a) 2(3x - 5)- 3(x - 5)=x
6x+10 - 3x - 15=x
6x - 3x - x=- 10+15
2x=25
x=25: 2
x=12, 5
b) 8y -(5y - 4)=22
8y+5y+4=22
8y+5y=22+4
13y=26
y=26: 13
y=2
c) – 1, 5(- 4x - 6)=19+x
- 6x+9=19+x
- 6x - x=19 - 9
- 5x=10
x=10:(- 5)
x=- 2


Скачать


zharar.kz