Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы
"Қарлығаш"балабақшасының тәрбиешісі
Магданова Гулмира Айдарбековна
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ерке төлдер (жануарлардың суреттері бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгімелер құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауға үйрету (құлыншақ - құлыншақтар, ботақан - ботақандар т. б). Сұрақ - жауап арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. үй жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, ойын жаттығулары, СТО әдісі
Көрнекілігі:№ 7демонстрациялық материал.(үй жануарларының төлдерімен суреттері)
Сөздік жұмыс: үй жануарлары, түйе, бота, жылқы, құлыншақ, сиыр, бұзау.
Билингвальды компанент: үй жануарлары - домашние животные, түйе - верблюд, бота - верблюжонок, жылқы - лошадь, құлыншақ - жеребенок.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Аттарын атап беріңдерші?
- Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады? (слайд 1)
Ғажайып сәт: Қошақанның дауысы естіледі.
- Балалар, бұл ненің дауысы?
- Дұрыс, балалар бұл қозы екен.
- Балалар, мен қозыға арнап қошақан туралы өлеңін оқып берейін:
- Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
- Шөре, шөре лағым,
Тентек болма шырағым,
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағын,
- Өлеңде қай төлдер туралы айтылған?