Ұйымдастырушылық кезең Оқушыларды сайысқа шақыру

Скачать

Озық ойлы тапқырлар атты физика - информатикалық сайыс (презентациясымен)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдылығын,, сөздік қорын, тіл байлығын, дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,
Дамытушылық: Оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың оқығанын, естігенін, көргенін есте сақтау қабілетін қалыптастыру, нығайту, білімге құштарлығын арттыру.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдығын, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,
Дамытушылық: Оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың оқығанын, естігенін, көргенін есте сақтау қабілетін қалыптастыру, нығайту, білімге құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, компьютер
Сайыстың жүру барысы:
I. Ұйымдастырушылық кезең
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру
Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сайысты өткізу
Әділқазылар алқасының қорытындысын жариялауы
І - жүргізуші:
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
2 жүргізуші
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылгандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асыгыста
Ойын толқын жатқандай асып - тасып,
Біреу мыгым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

1 - жүргізуші
Жылдан - жылға оқу салған ой - арнаң,
Талапкердің толқынымен тулайды,
Сусындалып ғылым шыңның басында
Сұңқар болып білімпаздар шулайды.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып әділқазылар мүшесімен таныс болайық.
1. Жұма апай - физика пәні мұғалімі
2. Нұргүл апай - информатика пәні мұғалімі
3. Шынар апай - ағылшын пәні мұғалімі

2 - жүргізуші
Көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. Ал енді сайысқа қатысушы оқушылармен танысайық



Скачать


zharar.kz