Екі амалдан тұратын санды өрнектер

Скачать

Математика пәнінен 2 – сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары
1 - сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Ондықтармен және бірліктермен санау.
Мақсаты: Ондықтарды, бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталау; бір және екі таңбалы сандарды; шығармашылық тапсырманы шешуді және мүмкін түсіндірме келтіруді топтың ішінде жалғастыру.
І. Ұйымдастыру сәті
Кел, балалар, келіңдер,
Есеп әлеміне еніңдер.
Қосу менен азайту
Теңдеу сырын біліңдер.
Ұзындық, масса, уақыт
Шамаларын табайық.
Күтеді қызық жұмыстар
Оқу жылын бастайық.
Оқулықпен танысу
- Оқулықпен танысып шығыңдар, авторларын атаңдар.
- Оқулықта қандай шартты белгілер қабылданған?
- Біз жаңа кітаппен таныстық. Кітап сендердің адал көмекшілерің болмақ, оны күтіп ұстаңдар.
ІІ. Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.
- Тақтаға 1 цифрын ілу және сұрақтар қою арқылы сипаттау.
- Осы сан туралы не белгілі? Көршілер
- Бұл неліктен бір таңбалы сан?
- Өмірде қайда пайдаланылады?
- Дүниеде тек қана бір саннан тұратын ұғымды табыңдар.(Күн, ай, жүрек, мұрын, бас т. б.)
- Сендер тағы қандай бір таңбалы сандарды білесіңдер?
1 - натурал сан, 10 -----------
бір таңбалы, --------------
- Оларға не ортақ?
- Айырмашылығы мен ұқсастықтары неде?
2. Ойын Сен маған, мен саған
(Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Бір топтағы балалар санды атайды, екіншілері сол санға
байланысты ондықтарын атайды.)
ІІІ. Қайталау. Оқулықпен жұмыс
№1. Көрнекілікке сүйеніп, бірліктермен санаудың және ондықтармен санаудың көмегімен сандарды шығарып алу тағы да еске түсіріледі және бекітіледі.
№2. Жұптық өзіндік жұмыс. Нұсқалар бойынша жұптар орындайды., әрі қарай оқушылар өзара тексеру үшін дәптерлерімен алмасады. Осыдан кейін мұғалім оқушылар жұмысын талдауы тиіс:
- Сендер қандай айырмашылық байқадыңдар?
- Неліктен 100 саны ешқандай топқа енбей қалды?
Сергіту сәті
Тақтамен жұмыс.
№3. Нұржан 10 жаста, ал Айдар 7 жаста. Нұржан Айдардан неше жас үлкен?
1

Есепті талдау, графтық моделін құру.
?

- Есептің сұрағы қандай?
(Нұржан Айдардан неше жас үлкен?)
2

- Бұл сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?
(Жоқ)
7

10

- Ендеше, тік төртбұрыштың ішіне сұрақ белгісін жазамыз.
(?)(1 - сурет)
3 -

- Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек?
(Айдар мен Нұржанның жасын)
Осыны сызба нұсқаға белгілейік. (2 - сурет)
- Бұны қандай амалмен табамыз?
(Азайту амалымен) (3 - сурет)
Екінші есепте осы жолмен талданып, орындалады.
- Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
- Қандай қорытынды жасауға болады?
(Бір санның екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайтамыз.)
Шығармашылық тапсырма
Топтық жұмыс. Жұмыс уақыты 3 - 5 мин. Балалар 4 адамнан бір - біріне бұрылып, топ құрады. Жеке параққа түсті қарындаштарды пайдаланып, тапсырманың шешуі табылады.(Жауабы: 1 - жасыл түс, 2 - қызыл түс, 3 - көк түс, 4 - сары түс)
Рефлексия.
№4. Мысалдар тақтада тізбектеле орындалады.
Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта нені еске түсірдік?
- Бір санның екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін не істейміз?
- Сендерге бәрінен бұрын не ұнады?
Үйге тапсырма: 5 - бет, Гүлдер алаңы мысалдарын шығару.

Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны жүктеу
Ұзындықты өлшеу. Метр жүктеу
Салыстыру жүктеу
Қосуды тексеру жүктеу
Азайтуды тексеру жүктеу
Бақылау жұмысы жүктеу
Масса және оны өлшеу. Килограмм жүктеу
Сыйымдылық және оны өлшеу. Литр жүктеу
Көпбұрыш жүктеу
Тік бұрыш және тік емес бұрыш жүктеу
Қайталау жүктеу
Санды және әріпті өрнектер жүктеу
Санды өрнектерді салыстыру жүктеу
Қайталау жүктеу
Өзіндік жұмыс жүктеу
Уақыт және оны өлшеу. Сағат (сағ). Минут (мин) жүктеу
Тәулік. Жыл. Ғасыр жүктеу
Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту. Қайталау. жүктеу
Амалды орындаудың рет тәртібі жүктеу
Қайталау. Екі амалдан тұратын санды өрнектер. жүктеу
Екі амалдан тұратын санды өрнектер құру, оқу, жазу. Қайталау. жүктеу
Өзіндік жұмыс жүктеу
Қосу мен азайту 23+2 25-2 жүктеу
Қосу мен азайту 26+30 56-30 жүктеу
Қосу мен азайту 26+30 56-30 жүктеу
Қосу және азайту (3+56, 30+24) жүктеу
Бақылау жұмысы жүктеу
Ауызша қосу және азайту тәсілдерін қайталау жүктеу
Ауызша қосу және азайту жүктеу
Қайталау жүктеу
2 санын қосу және азайту жүктеу
Екі амалмен шығарылатын есеп жүктеу
3 санын қосу және азайту жүктеу
Білімді тиянақтау. Өзіндік жұмыс. жүктеу
4 санын қосу және азайту жүктеу
Білімді тиянақтау жүктеу
5- ті қосу және азайту жүктеу
Бақылау жұмысы жүктеу
Қатемен жұмыс. Білімді тиянақтау. жүктеу
6-ны қосу және азайту жүктеу
Білімді тиянақтау жүктеу
7 санын қосу және азайту. Өзіндік жұмыс жүктеу
Білімді тиянақтау жүктеу


Скачать


zharar.kz