Ғарыш кемесі

Скачать

Тақырыбы: Ғарыш кемесі
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
Білім саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Мүсіндеу.
Мақсаты: 1. Балаларға ғарыш, ғарыш кемесі, аспан әлемі туралы түсінік беру.
2. Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
3. Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үлгі сурет, мүсін, аспан әлемі суреті, ермексаз, керекті құралдары, суреттер.
Әдіс – тәсілі: Шаттық шеңбері, түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту, ойын, мүсіндеу.

Қозғаушы қызмет түрі
Шаттық шеңбері:
Шолып аспан әлемін,
Қайырлы таң, қане күн!
Деп айтайық бәріміз,
Жолдап жүрек жылуын.

Ұйымдастырушы ізденушілік
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар, кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады. (атрибуттар)
Бұлт: Жер анаға көмегім,
Жаңбыр болып төгемін.
Төмендеймін, көлбеймін,
Бөгелмеймін, өрлеймін.
Тамшы: Бұлттар, бұлттар,
Ойнашы, күркіреп, дүркіреп.
Бұлттар, бұлттар,
Ойнашы, сіркіреп, дүркіреп.
Су: Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Су ағады, сыңғырлап.
Күн: Құшағын ашып шуақты,
Күнмін алтын сияқты.
- Жарайсыңдар балалар, міне көктем мезгілі өзінің осындай керемет ерекешеліктерімен қуантады.
- Балалар қазір көктем мезгілінің қай айы?
- Иә, бұл сәуір айында бір үлкен мереке бар.
Ол ғарышкерлер күні. Ғарышкер дегеніміз аспан әлеміне ұшатын
адамдар.
- Олар немен ұшады сіздер білесіздер ме?
- Балалар, осы зымыранмен ғарышқа тұңғыш қазақ елінен Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сияқты ағаларымыз ұшты.
Аспан әлемінде көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламшарында өмір сүреміз.
- Балалар сіздер қандай әуе көліктерін білесіздер?
- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.
Бүгінгі Жапсыру оқу іс – әрекетінде Ғарыш кемесі тақырыбында өтеміз. Балалар сіздер ғарышқа ұшқыларын келе ме?
Ендеше мына ғарыш кемесіне қараңдаршы.
- Бөлшектері қандай пішіндерге ұқсайды?
Балалар бізде осындай ғарыш кемесін мүсіндеп үйренеміз бе?
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Зымыран боп ұшайық.
Ай бетінде болайық,
Қайта жерге қонайық.
Ғарыш кемесін мүсіндеу жолдары:
- Ермексазды жұмсарту.
- Бөлшектерге бөлу.
- Алақан ортасына салып сопақша түрге келтіру.
- Бөліктерді бір – бірімен біріктіру.
Д ойын: Ғарышқа саяхат
Алдымызда үлкен ғалам бар. Балалар таңғажайып әлемге келгендейміз. Міне, қараңдаршы бұл аспан әлемі.
- Аспанда нелер бар?
Күннің айналасында жер және планеталар болады. Жердің күнге қараған жағы жарық, ал екінші жағы қараңғы болады. Айдың жылуы өте аз.
Аспан әлемінде саяхат жасай жүріп тапсырмаларды орындайық.
Д ойын: Зымыран құрастыр
Пішіндер арқылы зымыран құрастыру.

- Қандай пішіндерден зымыран құрастырдық?
Ойын: Көліктер
Тақтаға көліктердің суреттерінің ішінен ғарыш көліктерін бөліп алуды ұсыну.

Жетекші - жөндеуші
Балалар аспанға кімдер ұшады?
Олар немен ұшады?
Балалар біз не мүсіндеп үйрендік?
Тұңғыш қазақ ғарышкерлері кім?
Ойындар ұнадыма балалар?

Ғарыш кемесі. жүктеу


Скачать


zharar.kz