Мұқағали Мақатаев - Мұқаш - ай

Скачать

Мұқағали Мақатаев

- Мұқаш - ай!
Қарасазды сағындым - ау!
Сағындым - ау, суымды, тауымды да! -
... Қайран дос, барғанымда осылай деп,
Өрт кетіп өзегіне тарындың - ау!
Көңіліңнен көтеріліп ойран - дауыл,
Кемеңді бұрып еді қайраңға бір...
Сағынған сазын, әне, тауың, әне,
Жатырсың өзің, міне, қайран бауыр!
Үйірінен адасқан тентек едің,
Тентегім - ай, үзілді ерте демің.
... Қарасазың мінеки, әлдейлеуде,
Әлсін - әлі жаңартып көрпелерін.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz