Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту.
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.

Сабақтың мақсаты: 1. Таңбалары әртүрлі сандарды, таңбалары бірдей сандарды азайтудың жолдарын меңгерту.
2. Координаталық түзудегі шеткі нүктелерінің координаталары бойынша кесіндінің ұзындығын меңгерту.
3. Рационал сандарды азайту ережесі мен координаталық түзудегі кесіндінің табуды меңгерту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Көрнекіліктер: Т. А. Алдамұратова, Т. С. Байшоланов Математика - 6 Алматы Атамұра 2011 оқулығы, слайд, флипчарт, Интерактивті тақтаның құрал - саймандары: сызғыш, өшіргіш, клетка, интерактивті тақтада
дайындалған слайдтар, Activote тестілеу құрылғысы, Activpen қаламы
І. Өткен тақырыпты қайталау. Үй - жұмысын тексеру.
ІІ. Сабақтың тақырып, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Сабаққа бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді.
Тапқырлық таныту мақсатымыз
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз
А) теориялық бөлім
Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама - қарсы санды қосу керек.
а - в=а+(- в)
Азайту амалының ерекше жағдайлары:
а - а=0
0 - а=- а
а - 0= а
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.
Координаталық түзуді математика енгізген Рене Декарт.
ә) практикалық бөлім
№493
7 - 9=
6 - 7, 9=
8 - 11=
8 - 9, 2=
12 - 17=
4, 5 - 6=
№494
1) - 2 - 10=
- 2, 3 - 0, 7=
- 14 - 20=
- 3, 2 - 1, 8=
IV. Бекіту
№495
1) - 20 -(- 16) =
6 -(- 8, 1) =
- 36 -(- 17) =
- 5 -(- 6, 7) =
- 46 -(- 25) =
- 8 -(- 9, 5) =


Скачать


zharar.kz