Бесік жыры, Тұсау кесу жыры

Скачать

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тақырыбы: Бесік жыры, Тұсау кесу жыры.
Сабақтың мақсаты: қазақтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпының мазмұнын түсіну. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ой - қиялын дамыту.
Нәтиже: Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік беру. Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: оқушылардың өз ойларын қорытындылай білуіне жағдай жасау, тіл белсенділігін арттыру, есте сақтау қабілеттері мен оқу және жазу мәдениетін дамыту.
Міндеттер: Әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлердің пайдасын түсіну, бар ақпаратты пайдаланып жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, бір - бірін тыңдауға, критерийлерді пайдалана отырып дұрыс бағалау.
Ресурс: Бес, ішік, жылқы, тары. Бесік жыры . Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы Бесік жыры , Тұсау кесу жыры .
Бесік тербеткен ананың, тұсау кесу рәсімінің слайдтан суретін көрсету. Әдебиеттік оқу кітабы, интербелсенді тақта, тапсырма жазылған таратпа қағаз, түрлі - түсті стикерлер, көңіл - күйді білдіретін стикер.
Модуль: Білім беруде АКТ - ны пайдалану, Білім берудегі басқару және көшбасшылық , Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету , Талантты және дарынды балаларды оқыту .
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер мен стратегиялар: Миға шабуыл , Болжау , Қызығушылықты ояту стратегиялары, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең , Сергіту сәті, Рефлексия +,-,? , Формативті бағалау, өзін - өзі бағалау, топ басшысының бағалауы.


Скачать


zharar.kz