Бастауыш сынып мұғалімі Жангүл Иманмадиева
Қош, келдің, қазағымның Жаңа жылы!
Мақсаты:
- Ата – бабаларымыздың мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы туралы білімдерін жетілдіру.
- Оқушыларды өз халқының, өз елінің салт - дәстүрлерін жақсы біліп, оны іс жүзінде асыра білуге тәрбиелеу.
- Оқушылардың ауызекі сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру, өмірге, болашаққа деген сүйіспеншілігі мен ұғымдарын қалыптастыру.
(Сахнада баяу музыка ойнап тұрады. Ұлттық киім киген 4 жігіт шығып, қауымға бас иіп, кезегімен жар салады.)
1 - жігіт: Әділет
О, жарандар, жарандар!
Бәрің мында қараңдар!
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар!
2 - жігіт: Диас
Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар!
3 - жігіт: Жолдыбай
О, жарандар, жарандар!
Тамашадан қалмаңдар.
Құс қанатты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар.
4 - жігіт: Дастан
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды.
Нұрландырған даланы,
Наурыз көктем басталды.
(Сахнаға ұлттық киім киген жүргізушілер шығады.)
1 - жүргізуші: Бекзат
Наурыз құтты болсын, елімізге береке әкелсін!
2 - жүргізуші: Батырхан
Бармысыздар, қадірменді халайық! Ұлыс оң болсын, ақ мол молсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!
1 - жүргізуші: Бекзат
Қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын! Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман тілектер тіленген.
2 - жүргізуші: Батырхан
Ендеше:
Бастаса – елдің көсемі,
Сөйлесе – сөздің шешені.
Ақылы асқан абыздай,
Бар түйінді шешеді,- дей отырып, Жанат апай мен Алма апайға сөз кезегін береміз.
1 - жүргізуші: Бекзат
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу ықты.
Гүл жайнаған көктемде,
Гүлдей сыйлық көп менде,
Гүлдей қызымыз келіп тұр,
Көңілді ән сап бермекке.
Ән: Шақырады көктем