Терініңіз сау болсын десеңіз

Скачать

Терініңіз сау болсын десеңіз:
1. Ағзада тұрақты су тепе - теңдігін сақталуы керек. Бір күні ішінде адам салмағына қарай 1 кг - ға шамамен 40 грамм ішу керек. Ол бұлшық етке және терінің сау болуы үшін су аса қажет.

2. Қышқыл өнімдер де денсаулыққа пайдалы.
Адам ағзасында неғұрлым белсенді процес жүруі үшін, қанда аздаған қышқыл болуы керек.
Біздің тұтынған тамағымыз, ұстанатын өмір салтымызға байланысты негізгі қышқыл тепе - теңдігі бұзылады яғни қышқыл нормасынан артып кетеді. Нәтижесінде: тері құрғайды, шаш жұқарады. Осыған жол бермес үшін, жемістерді шикі күйінде тұтынған анағұрлым пайдалы.

3. Ас мәзірінде көкөністер пайдаланасыз ба? Тері сау болсын десең күніне 1 бума салатқа арналған жапырақты көкөністерді тұтынуды әдетке айналдырыңыз немесе, көкөніс коктейлдерін жасап ішуге болады.

4. Тамақтану рационына 3 май қышқылын да қосыңыз. Омега 3 май қышқылы мына өнімдерде кездеседі: балық майы, уылдырық, қара уылдырық;
балықтар: лосось, тунец, форель, скумбрия, сардина;
зығыр дәні, күнжіт майы, зәйтүн майы;
жаңғақтар: грек жаңғағы, бадам жаңғағы, фисташка, кешью;
асқабақ, асқабақ дәні;
жұмыртқа, ірімшік;
аскөк, ақжелкен, түсті қырыққабат, брокколи.
Бұл өнім теріні ішінен ылғалдандырады және қабынуды азайтады.
Күніне 1 ас қасық зығыр дәнін жеңіз, немесе балық майы. Сонымен қоса аптасына 2 - 3 рет форель немесе сардина балығын жеген дұрыс.

5. Тамақ ішіңіз бірақ артық жемеңіз. Тері үшін ашығу да артық тамақ жеу де зиян.
Жеп отырған асыңыздың жартысы көкөністен бір бөлігі ақуыз, бір бөлігі көмірсудан тұруы тиіс. Күнделікті рационында ақуыз міндетті түрде болуы керек екенін ұмытпаңыз.
Спортшылар секілді осы ережені міндетті түрде ұстану керек.

6. Тері үшін терлеудің де маңызы зор. Күніне 15 минут терлеу теріге өте пайдалы болмақ.

7. Стресс теріге өте зиян келтіреді. Сондықтан демалуды үйреніңіз.
Ең алдымен ұйқыңыз қанық болсын, жұмыста келеңсіздікке көп назар аудара бермеңіз, төсек қатынасы уақытылы болсын, таза ауада көбірек серуендеңіз.


Скачать


zharar.kz