Есіл өзені

Скачать

Cабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Есіл бойында
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ұлттық әдебиетіміздің негізін салушы қаламгерлердің бірі – Сәбит Мұқановтың шығармашылығы жайында мағлұмат беру, қаламгердің Есіл өлкесінің көркем табиғатын танытудағы сөз қолдану ерекшелігін, суреттеу шеберлігін жергілікті жердің табиғат көріністерімен салыстыра меңгерту;
ә) Дамытушылық: Оқушының ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін, тілдік қорын дамыту;
б) Тәрбиелік: Жазушы өмірін өнеге ете отырып, туған жердің табиғатын сүюге және құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: жаңа білімді беру сабағы
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, мәнерлеп оқу, тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс, ой қозғау, ой толғау, топтастыру.
Көрнекілігі: С. Мұқановтың суреті, интерактивті тақта, видеопроектор
Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
А) оқушылармен амандасу;
Ә) сынып тазалығын тексеру;
Б) сынып оқушыларын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Көксерек хикаятының негізгі тақырыбы?
2. Шығарманың негізгі идеясы?
3. Көксерек әңгімесінен қандай әсер алдыңыздар?
Сөзжұмбақ.
к ө к с Е р е к
а қ қ а С қ а
--ж е т І
----б ө Л т і р і к
1. М. Әуезов хикаятындағы асыранды түз тағысының аты?
2. Көксеректің серігі?
3. Қараадырдағы бөлтіріктер саны?
4. Қасқырдың күшігі қалай аталады?

ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Сабақаралық байланыс. Ой қозғау әдісі.
Балалар, біздер М. Әуезовтің Көксерек әңгімесін толық аяқтап, табиғат тағысы туралы хикаятты аяқтасақ, бүгін де өтетін тақырыбымыз – табиғат төңірегінде болмақ. Жоғарыда шешкен сөзжұмбақтан қандай сөз шықты? Есіл деген атауды естігенде көз алдарыңызға не елестейді? Есіл жайында не білеміз? Ол қай жерде орналасқан? Есіл туралы қандай ән білеміз? Бұрынғы Есіл қандай екен, ал қазір қандай, қане, назар аударалық. (слайд арқылы Есіл өзені мен Есіл жағалауындағы қазіргі Астананың бейнесі көрсетіледі).
Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. Ақмоланың тарихы 1830 жылдан басталған. Астана 1997 жылдың 20 - қазаннан бастап Ел ордасы болды. Астана қаласын қақ жара ұзындығы 2450 шақырымды алып жатқан Есіл өзені ағып жатыр. Есіл өзенінің бірнеше салалары бар, Тобыл өзені екеуі Ертіске құяды.
- Ауданымызда Есіл өзеніндей аумағы үлкен, салалары көп қандай өзен бар?
- Ойыл өзені. Ұзындығы 800 км, тереңдігі 10м. Ембі дөңінен бастау алады. Судың тұзы аз болғандықтан, аймақты сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Ә) Жаңа сабақтың мақсатын белгілеу.
• Күннің жадын жазу;
• Сабақтың тақырыбын жаздырту;

Б) Жаңа сабақты баяндау.
Жазушының портреті көрсетіледі
1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданында дүниеге келген
1968жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері
Ақын, өлеңге алғаш қадамы19 жасында басталған.
Жазушы, Лашын әңгімесінің авторы
Қазақ әдебиеті газетінің редакторы (1935жылы)
Қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі

Жазушының Өмір мектебі романы жазушының өз басынан өткен өмір белестері жайында сыр шертеді. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз аталмыш романнан үзінді Есіл бойында деп аталады. Шығармада Есілдің сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағымы, шайы шымылдықтай желпінген тоғайы, жібектей жұмсақ, жұпардай иісті қалың шалғыны, жортуылын жиілтетін желі, балбыраған жеміс - жидегі, кемеліне келіп толықсып тұрған тоғайы әсем де көркем бейнеленген. Құлағыңды қытықтайтын тамаша ән - күйін де керемет суреттейді. Жазушы Есіл өлкесінің пейзаждық энциклопедиясын жасағандай. Әңгіменің әсерлілігі сонша, әр түрлі - түстер көз алдымызға елестегендей, құстардың даусы естіліп тұрғандай болады.
Оқулықпен жұмыс. Тізбектей мәнерлеп оқыту.

Тақтамен жұмыс. Әңгімеге жоспар құру
І. Есіл бойындағы сағым
ІІ. Жайқалған жасыл шалғыны
ІІІ. Есіл өлкесінің желі
ІV. Есілдің жеміс - жидегі
V. Тоғайы
VІ. Есіл өзені
VІІ. Есілдің құстары
Семантикалық карта. Әңгімедегі әдеби теориялық ұғымдарды тауып, семантикалық картаны толтыру.


Скачать


zharar.kz