Заттар үстімен секіруді, Заттар арасымен ирелеңдеп жүгіруді үйрету

Скачать

Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Көңілді саяхат
Мақсаты: Балаларды аяқ ұшымен, өкшемен жүруді; Қазша жүруді, бағытты өзгерте отырып жүгіруге үйрету; Өз еріктерімен сапқа бір қатармен тұруды үйрету; Заттар үстімен секіруді, Заттар арасымен ирелеңдеп жүгіруді үйрету; доға астынан алақан мен табанға сүйене отырып төрттағандап еңбектеп өтуге; биіктікте орналасқан затқа секіріп жаттығу жасау.
Қолданылған көрнекі құралдар: Слайд, Тақырып және ұлағатты сөз жазылған баннер, өрілген арқан жіптер, қанқыздар, бөрене, гүлдер мен саңырауқұлақтар, қоңырау.

Іс әрекет
Мотиватциялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалар әуенмен залға кіреді. Тәрбиеші балалармен сәлемдеседі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін балақайлар мен сендермен қызықты саяхатқа шығамын. Сендер саяхат жасағанды ұнатасыңдар ма?
Саяхатымызды бастаймыз.
Олай болса балалар тез орнымызды тауып шеңбер құрып тұрайық.

І Кіріспе бөлімі:
Жүру, қолды белге қойып, өкшемен жүру, аяқ ұшымен жүру, жүгіру, теріс қарай жүгіру, жай жүру, екі қатарға бөлініп тұру.

II бөлім:
Балаларға жан - жақты дамыту жаттығуларын көрсетіп түсіндіру.
1б. қ: аяқ бірге, қол төменде.
Қолды алға созу, өрілген арқан жіпті жоғары көтеру, аяқ алшақ қою,
оңға - солға тербелу, б. қ. оралу.
2б. қ: аяқ алшақ қою, қол төменде. қолды алға созу, қол жоғары оңға, солға бұрылу, б. қ. оралу.
3 б. қ: қолымыз алда, аяқ арасы ашық, отырып - тұру, б. қ. оралу.
4б. қ: аяқ арасы алшақ қою, қол төменде
Оң аяқ, сол аяқ, кезек - кезек сілку, б. қ. оралу.


Скачать


zharar.kz