Топқа біріктіру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Латын әліпбиіне өту – заман талабы
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады:
- Мақаланың түйінді ойлары мен негізгі идеясын насихаттайды;
- Бір біріне мақаланы түсіндіру жұмыстарын жасайды
Құндылықтарға баулу: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі және әдебиеті
Алдыңғы білім: Қазақстан тарихы 6, 8 - 9 сыныпқа арналған оқулықтары

Сабақтың басы:
Психологиялық ахуал орнату: Сиқырлы заттар дүкені әдісі – оқушылар бір затты таңдайды сол затты таңдауына қарай оның мінез - құлқы, өмірлік ұстанымы анықталады.

Топқа біріктіру: Мозайка әдісі – параққа екі түрлі түспен білім туралы мақал жазылып қиылады, оқушылар қиылған парақшаларды әріптердің түстеріне қарап жинақтайды.

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

Ынтымақсыз елді —
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді —
Дұрысы билейді

1. Зерттеушілер
2. Сараптаушылар

Т. Ж. Миға шабуыл стратегиясы: Суреттер сыр шертеді әдісі
Суреттер беріледі, оқушылар соған қарап оқиғаларды өз реттілігімен айтып береді.

Кілтті сөздер мен тіркестері: Көне түркі жазулары, Араб әліпбиі, А. Байтұрсынов, кириллица, латын әліпбиі, КСРО, Тәуелсіз Қазақстан, Елбасы Жолдаулары

Кері байланыс: Социаграмма әдісі арқылы жаңа тақырып туралы алдыңғы білімін өзін өзі бағалау
Оқушылар он сандық шкалада көрсетілген шәкілдердің тұсына тақырыпты қаншалықты білетіні тұсына стикер жапсырады

Оқушыларға бейнебаян көрсету арқылы қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуының маңыздылығын түсіндіру ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласына сабақ тақырыбына сай үзінділерінің мәтінін оқыту.

Сабақтың ортасы
ІІІ Жаңа тақырыпты меңгеру
Б. Т. 1 - тапсырма Пирамидалық жіктелім әдісі
1 - топтағы оқушылар тақырыпты ғаламтордан таба отырып зерттеу жұмыстарын жасайды
2 - топ: ғаламтор арқылы мәтінді тауып, сараптама жұмысын орындайды

Шымкен қаласы
№86 жалпы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі Байгазиева Алия Алипбековна
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: Қазақстан тарих пәні
Латын әліпбиіне өту – заман талабы жүктеу
Латын әліпбиіне өту – заман талабы слайд жүктеу


Скачать


zharar.kz