Тақырыбы. Ата заңым аялайды елімді.
Мақсаты. Оқушыларға ҚР конституциясы туралы терең білім беру. Жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды ұлтжандылыққа баулып құқықтық тәрбие беру.
Көрнекілігі. ҚР - заңының баптары.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру
Сыныпты екі топқа бөлу.
Бірінші топ”Азамат’’
Екінші топ’Болашақ
1993 жылы қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қабылданды. Еліміздің Президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажет болды.
1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдум өткізіліп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Биыл Ата заңның қабылданғанына 16 жыл толып отыр.
Конститутция 9болім, 98 баптан тұрады Қазіргі таңда заңға бірнеше мәрте толықтырулар. мен өзгертулер енгізілген. Кез - келген азамат еліміздің негізгі заңы - Конститутцияны міндетті түрде оқып - танысып, керек баптарын жатқа білуі тиіс.
1 - оқушы: Ата заң.
Әділдікпен басталсын деп атқан таң,
Ата - бабам келе жатыр сақтап заң
Қасым ханның қасқа жолы бас болып
Тәуке ханның жарғылары сақталған.
Билер шешіп ақ пен қара арасын,
Жапқызбаған жамандықтың жаласын.
Заң деген бар біздегі асыл қасиет,
Ата заңым таң нұрындай таралған,
2 - оқушы: Бақыт құсы қонған күн.
Тойла - тойла, қазағым, мерекеңді,
Қуанышқа кенеген бейбіт елді.
Құтты болсын туған күні Ата заңның,
Мерейлі мерекесі, берекелі,
Бақыттысың, қазағым, бақыттысың,
Көк әлемге ұшыршы бақыт құсын.
Мерекелі күнінде Ата заңның
Ел тілегін әлемге алып ұшсын.
Заң ортасы орнаған Астанаң бар,
Көрген жанды көркімен таң қалдырар.
Ертеңді ойлап салдырған Ел ағасы,
Игілігін көрсін деп жас ұрпақтар.
3 - оқушы. Конститутция - ерікті елдің құқы.
Конституция - ерікті елдің құқы,
Адам құқы, алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан - жақты дәйектелген,
Конституция – алтын заң, елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайды мұны бар достар бүгін.
Сайыстың өтілуі.
1. Сұрақ - жауап сайысы.
2. Тіл - өнер.
3. Ұғымдар сөйлейді.