Ондық бөлшектерді көбейту ережесін тұжырымда

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, ондық бөлшектерге амалдар қолдана білу дағдыларын жетілдіру
Дамытушылық: теориялық білімін практикада ұштастыра отырып ауызша есептеу, ой
қорыту қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, өзіне сенімділікке, нәтижеге қол жеткізе білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тест, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, суреттер, топшамалар

Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Негізгі бөлім:

Ұлы педагог Ушинский: Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы керек. Бұл ұмтылғанды еске түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау

1) Алтын балықтар әлемі (қайталау сұрақтары)

1. Қандай сан ондық бөлшек деп аталады? Ондық таңба деген не?
2. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
3. Ондық бөлшектерді қалай азайтады?
4. Ондық бөлшекті натурал санға қалй көбейтеміз?
5. Ондық бөлшектерді разряд бірліктеріне қалай көбейтеді?
6. Ондық бөлшектерді көбейту ережесін тұжырымда
7. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?
8. Ондық бөлшекті 10, 100, 1000... разряд бірліктеріне бөлуді тұжырымда

2) Алғырлар аралы
3) Жаттығулар аралы:
Оқулықпен жұмыс
5) Тапсырмалар аралы. Тест тапсырмалары
6) Сөзжұмбақ аралы
7) Оқушыларды бағалау
8) Үй тапсырмасы:
9) Сабақты қорытындылау


Скачать


zharar.kz