Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
46. Тест тапсырмалары
47. Шығармашылық жұмыс
48. Тоқсандық қайталау
49. Етістіктің райлары
50. Ашық рай
Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, т. б
Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т. б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Күрделі етістікті тап.
А) уәде бер
В) айта бар
С) келе сал
Д) айтып сал
Е) барып қал
2. Туынды түбір етістікті тап.
А) қараған
В) байымайды
С) кеспейді
Д) қадалды
Е) батырыпты
3. Негізгі түбір етістікті тап.
А) ойлан
В) сана
С) шақыр
Д) тазала
Е) басқар
4. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?
А) салт
В) сабақты
С) құранды
Д) көмекші
Е) құранды
5. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсет.
А) салт
В) сабақты
С) болымсыз
Д) көмекші
Е) құранды
6. Болымсыз етістікті тап.
А) қалам бар (ма)
В) бұл - шығар(ма)
С) Сабақтан қал(ма)
Д) қызық жарна(ма)
Е) Атым Ал(ма)
7. Етістіктің қай түрі іс әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді.?
А) болымды
В) күрделі
С) болымсыз
Д) негізгі
Е) туынды
8. Болымды етістікті тап.
А) Бет қаратар емес
В) Жалған айтып суыспа
С) Енді топтың ішін көрмек емес
Д) Жүйрік алысқа шабады
Е) Енді бұлай істемегейсің.
9. Күрделі етістіктің қатарын белгіле
А) балтала, ойлан ақылдас
В) жұлқылады, тарсылдады, ойбайлады
С) жүре бер, әуре - сарсаңға түсті
Д) көңілден, ағар
Е) жаздыртты, оқытты.
10. Сабақты етістікті тап.
А) Келгеніне қатты қуанып еді.
В) Дала тіршілігі басталғалы тұр.
С) Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті.
Д) Ғарышкер болғысы келеді.
Е) Тәжірибесін үйретумен келеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қайталау
Толық нұсқасын қарау