Ауызекі сөйлеу стилі тақырыбы бойынша мәтінмен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
а) ауызекі сөйлеу стилі тақырыбынан алған білімдерін пысықтау; мәтіннің құрылысына, негізгі ойына талдау жасату;
ә) оқушыларды топпен жұмыс істеуге баулу, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру;
б) адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: білімін пысықтау
Сабақтың өтілу әдісі: Елші жіберу , Шеңбер әдістері
Көрнекілігі: қима қағаздар
Сабақтың өтілу барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1) амандасу, оқушыларды түгелдеу;
2) сынып оқушыларын 3 топқа бөлу;
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Қима қағаздар тарату арқылы сұрақтарға жауап алу.
1. Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не?
2. Ауызекі сөйлеу стилінің мақсаты не?
3. Ауызекі стилінің қолданылу аясы қандай?
4. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік ерекшеліктері қандай?
5. Ауызекі сөйлеу стилінің стильдік сипаты қандай?
ІІІ Мәтінмен жұмыс.
60 - жаттығу. ( І топ оқушыларына )
Үзіндіден қандай стиль түрлерін тануға болады? Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.
61 - жаттығу. ( ІІ топ оқушыларына )
Мәтін стильдің қай түріне жатады? Дәлелдеңдер.
62 - жаттығу. ( ІІІ топ оқушыларына )
Мәтінді пайдалана отырып, Болар елдің баласы бірін бірі батырым дейді деген тақырыпта ой толғаңдар.
Елші жіберу әдісі бойынша 3 топтың бір - бір оқушысы келесі бір топқа елші болып барып, оқыған үзінділерінің мазмұнын айтып түсіндіреді.
63 - жаттығу.
1) Мәтінді оқып, стилін анықтау.
2) Әр топ 1 абзацтан бөліп алып тақырып қояды, морфологиялық талдау жасайды.
Шеңбер әдісі бойынша оқушылар шеңбер құрып, өздері білетін әзіл әңгімелерді айтады.
- Әзілді айту барысында неге мән беру керек екен? Ол қандай стильде айтылды? Себебін түсіндіріңдер.
Кері байланыс.
1. Маған... ұнады.
2. Маған... қиындау.
3. Маған... оңай.
4. Мұғалімге ұсыныс.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
64 - жаттығу. Ғалым да, шахтер да бас иетін тақырыбына эссе жазу.
Мұғалімі: Батешова Гүлжазира