Қадыр Мырза Әли
Қызығу
Жортуылдап жүріп өткен ізі қан
Жетіп жатыр құдіретті бұзық аң.
Бірақ барыс азуыңа қызықпай,
Мен тұлпардың тұяғына қызығам!
Құйылып кеп таудың қия - құзынан,
Құс патшасы, қаз мойынын үзіп ал!
Бірақ қыран шеңгеліңе қызықпай,
Мен бұлбұлдың таңдайына қызығам!