Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Абылайдың өмірі мен қайраткерлік жолын және қасында қазақтың қандай белгілі игі жақсылары топтасқанын баяндау.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елім деп өткен тұлғалардың ерлігін дәріптеуге, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеуге.
Көрнекілігі: Карта, Абылай хан портреті.
әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау
түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ – жауап арқылы сұрау
1. Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы қалай жүрді?
2. Әбілқайыр хан Қазақ хандығын Ресей қол астына өткізуде қандай мақсат көздеді?
3. Орыс патшайымы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы
грамотаға қай жылы қол қойды?
4. Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Кестені сәйкестендіру
Тәуке ханның мирасқоры - Әбілхайыр
Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші - Ордабасы
Қазақтың игі жақсылары мен жайсаңдары жиналған жер Қайып
Ресей бодандығын қабылдаған хан - Тевкелев
Дұрыс жауабы
Қайып, Тевкелев, Ордабасы, Әбілхайыр
ІҮ. Жаңа сабақ
Жоспары
1. Абылайдың өмірі мен қайраткерлік жолы ассоциация
Абылай кім?
Батыр
Әбілмансұр
Мемлекет басшысы
Сабалақ
Мәмлегер
Қолбасшы
Жұлдызды сәт ойыны
1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?
2. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?
3. Төле бидің қойған аты
4. Жекпе – жекке шыққан қалмақ батыры
У. Оқушыларды бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 33