Тамыр жүйесін құрайтын тамырлар

Скачать

Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Қайталау сабағы
Сабақ: 14
Сабақтың мақсаты: биология пәнінен осы күнге дейінгі, яғни §1 - 15 аралығында игерген білімдерін тексеру.
Тест жұмысы
І нұсқа

1. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған:
А) Роберт Гук
В) Н. В. Павлов
С) С. Г. Навашин
D) К. А. Тимирязев
Е) Яндерсендер
2. Микроскоптың көру түтігінің екі жағында... орналасқан:
А) окуляр
В) айна
С) бұранда
D) тұтқа
Е) көру түтігі
3. Окулярда 20х, ал объективте 15х болса, затты неше есе үлкейтіп көрсететінін белгілеңіз:
А) 100
В) 200
С) 300
D) 400
Е) 600
4. Құрылысы қарапайым үлкейтіп көрсететін құрал:
А) телескоп
В) ұлғайтқыш әйнек
С) жарық көмегімен көрсететін микроскоп
D) электрондық микроскоп
Е) әйнек
5. Өсімдікке жасыл түс беретін пластид:
А) хлоропластар
В) хромопластар
С) лейкопластар
D) хромопластар мен лейкопластар
Е) хромопластар мен хлоропластар
6. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:
А) органоид
В) ұлпа
С) жасуша
D) мүше
Е) ағза
7. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтап қалатын ұлпа:
А) түзуші ұлпа
В) жабын ұлпа
С) фотосинтездеуші ұлпа
D) тірек ұлпа
Е) өткізгіш ұлпа
8. Цтоплазманың ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуыс:
А) ядро
В) пластид
С) қабықша
D) цтоплазма
Е) вакуоль
9. Су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін тығыз қабат қалай аталатынын белгілеңіз:
А) тоз
В) қыртыс
С) өң
D) тін
Е) қиыршық жасушалар
10. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі:
А) тамыр
В) мүше
С) сабақ
D) жапырақ
Е) ұлпа
11. Тамырлар шығу тегіне қарай бөлінеді:
А) негізгі, қосалқы, жанама
В) вегетативті, генеративті
С) кіндік және шашақ
D) қысқарған және жатаған
Е) тіреу және түйнек
12. Тамыр жүйесін құрайтын тамырлар: 1. негізгі; 2. қосалқы; 3. жанама; 4. бүйір; 5. шашыраңқы.
А) 1, 3, 5
В) 2, 4, 5
С) 1, 2, 3
D) 3, 4, 5
Е) 1, 2, 5
13. Шашақ тамыр жүйесі мына өсімдіктерде кездеседі: 1. асбұршақ; 2. асқабақ; 3. қауын; 4. бидай; 5. жүгері; 6. күріш.
А) 1, 3, 6
В) 2, 4, 6
С) 1, 3, 5
D) 1, 2, 3
Е) 4, 5, 6
14. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады:
А) тамыр оймақшасы
В) бөліну
С) созылу
D) сору
Е) өткізгіш
15. Азоттың орамжапырақтың қай мүшесіне қажет екенін белгілеңіз:
А) жапырағына
В) жемісіне
С) түйнегіне
D) гүліне
Е) жапырағы мен сабағына
16. Жемтамырлы өсімдікке жатады:
А) сәбіз, қызылша
В) сұңғыла, арамсояу
С) Үнді фикусы
D) мангр ағашы, сауыр
Е) нарғызгүл, батат
17. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ қалай аталатынын анықтаңыз:
А) тал
В) өркен
С) шыбық
D) сояу
Е) сабақ
18. Бастапқы өркен:
А) бүршік
В) жапырақ
С) гүл
D) сояу
Е) сабақ
19. Жапырақ қолтығында орналасатын бүршік:
А) жанама бүршік
В) қосалқы бүршік
С) төбе бүршік
D) жанасқан бүршік
Е) бүйір бүршік
20. Өсімдіктердің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұрады:
А) тамыр
В) сабақ
С) жапырақ
D) сағақ
Е) өркен

№9 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Түрі өзгерген жер асты өркендермен танысу.
Мақсаты: Түрі өзгерген жер асты өркендердің түрлерімен танысып, өзіндік айырмашылықтарын зерттеу.
Құрал - жабдықтар: Бидайық, інжугүл, құртқашаш (ирис) кеппешөптері (тамырсабағымен алынған), картоп түйнегі, қырыққабаттың қауданы, пиязшық (басты пияз), ұстара, ұлғайтқыш қол әйнек (лупа).
Жұмыстың барысы:
1. Бидайық, інжугүл, құртқашаш өсімдіктерінің кеппешөптерінен тамырсабақтың жапырақ қабыршағын, бүршіктерін қосалқы тамырларын табу, тамырмен салыстырып суретін салу.
2. Картоп түйнегінің түбі мен жоғарғы жағының айырмашылықтарын қарап ажырату. Түйнектің көзшелері қай жағында көбірек орналасқандығына көңіл аудару.
3. Түйнекті көлденеңінен 2 - ге бөліп, өркенге тән негізгі бөліктерін алдыңғы өткен сабақтың құрылысымен салыстыру.
4. Пияздың сыртқы түріне көңіл аударып, сыртқы, ішкі қабыршақтарының ерекшеліктерін, тамыр жүйесін қарау.
5. Пиязшықты ортасынан (тігінен) қақ жарып, түбіртегін (қысқарған сабағы) бүршіктерін қол әйнегімен қарап ажыратып оқулықтың суретімен салыстыру, суретін салу, аттарын жазу.
Нәтижесі: 1) Кестелерді толтыр:

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz