Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде осы тәрбие сағатын ұсынып отырмын.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Табиғатты танып, білейік!
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Өсімдік, жануарлар жайлы білімдерін ортаға салуларына жағдай туғызу. Табиғатты сүюге, қорғауға, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Бір - бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.
Көрнекілігі:
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтарға тілі жоқ.
Ексең ағаш аялап,
Болады саған сая бақ.
Қамқоршы болып орманға,
Орманды бәрің қорғаңдар!
Бір тал кессең, он тал ек!
нақыл сөздері, суреттер, слайд, кітап көрмесі
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру
Мұғалім: Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып Табиғат - Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат - Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді бүгін Табиғат - Анаға жарыса отырып саяхатқа шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Бүгінгі сайымыздың тақырыбы: Табиғатты танып, білейік! деп аталады.
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат - сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз.
Бұл жарысқа 3 топ келіп отыр. Бұл топтар 1және 3 – сынып оқушыларынан құрылған. Алдымен осы топтармен таныс болайық.
І топ. Мөлдір бұлақ (Томирис, Бекзат, Сымбат, Ернар, Мақсат, Ақбота, Әсемгүл, Арлан)
Ұраны:
Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ
ІІ топ Орман байлығы (6-7 оқушы)
Ұраны:
Қамқоршы болып орманға
Орманды бәрің қорғаңдар!
ІІІ топ Жер ана (6-7 оқушы)
Ұраны:
Жер адамның бесігі,
Ел бақыттың есігі.
- Бүгінгі жарысымыз 4 кезеңнен тұрады. Ал енді сайысымызды басталық.
1 - кезең Табиғат байлығы – өсімдіктер деп аталады. Табиғат байлығының бір тобы – жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.
Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300 - ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.
- Ал енді бұл сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар. Әр топқа бірнеше сұрақ беріледі. Сол сұрақтың дұрыс жауабын айту керексіңдер.
І топқа
1. Өсімдіктер неше түрге бөлінеді?
А) 1
Ә) 2
Б) 3
ІІ топқа
2. Өсімдіктердің жер астындағы мүшесі қалай аталады?
А) тамыр
Ә) сабақ
Б) жапырақ
ІІІ топқа
3. Бақта нелер өседі?
А) көкөністер
Ә) гүлдер
Б) жемістер