Ойшылдар тапсырма

Скачать

Әбіл Нүсіпбаев атындағы № 14 орта мектеп
Г. О. Аришева

Ашық сабақ
Математика
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Мақсаты: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін жаңа технологияның элементтерін тиімді пайдалана отырып деңгейлік тапсырма беру барысында оқушыларға тақырыпты ұғындыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, өзін – өзі тану, дене тәрбиесі.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірме кестелер, интерактивті тақта.
Сабақтың типі: саяхат
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өздік, есептеу, ойын.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу ә) оқушы зей. сабаққа аудару
Мұғалім: сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлінейік
І топ Ойшылдар тапсырма: Сергіту сәтіне 1шумақ өлең құрастыру
ІІ топ Тапқырлар тапсырма: Дүкенші мен сатушы ойын құрастыру
ІІІ топ Алғырлар тапсырма: Көңілді қорыту, қоштасу өлең құрастыру

ІІ. Қайталау сұрақтары:
1. Ұзындық бірліктерін ата.
2. Масса бірліктеріне нелер жатады?
1. Уақыт бірліктеріне ше?
2. Аудан бірліктері?
3. Көлем бірліктері?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9.
І топ а), ІІ топ ә), ІІІ топ б). дәптерлерінен оқыту.

ІҮ. Сергіту сәті. І топ Ойшылдар
Сабақ та басталды,
Басылды дабырлық.
Қосамын да азайтам,
Бөлемін де көбейтем.
Математиканы білем,
Сондықтан оны сүйем.
Ү. Жаңа сабақ: а) Кіріспе: мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын х - у.
Ғажайып құпиясы
Білімнің патшасы
Ма – те – ма – ти – ка – ға
Бас иеміз!
Көп таңбалы санды, бір таңбалы санға
Көбейтеміз, бөлеміз.

ә) Оқулықпен жұмыс. № 1 тапсырма ауызша орындау оқушылар әр бағанны және әр қатардың мысалдарын бір – бірімен салыстырады, байқағандарын ай - тады.
І – топ Ойшылдар № 1
ІІ – топ Тапқырлар № 2
ІІІ – топ Алғырлар № 3

б) Тақтамен жұмыс.
1. № 4 тура теңдік шығатындай етіп, тиісті санды таңдап қой:

І топ Ойшылдар ------------ ІІ топ Тапқырлар -------------- ІІІ топ Алғырлар
а) 460 ∙10 = 4 600 ----------- ә) 49∙1000 = 49 000 ---------- б) 49 м = 49 000 мм
9080: 10 = 908 --------------- 1т = 49 000 кг ----------------- 49 км = 49 000 м
460 м = 4 600 дм ------------- 49 000: 1 000 = 49 ---------- 49 000 мм = 49 м
9080 ц = 908 т ----------------- 49 000 кг = 49 т ------------- 49 000 м = 49 км
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға, ауызша көбейту және бөлу тәсілдері жүктеу


Скачать


zharar.kz