Ата балаға сыншы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік. Мәтін
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәтін туралы түсініктерін кеңейте түсу
1. Оқушылардың мәтін, мәтіндегі ой, оның аты туралы түсініктерін жетілдіре түсу, таным аясын кеңейту.
2. Оқу, жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту, өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.
3. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, әдептілікке тәрбиелеу. Жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиетін дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтық жұмыс, СТО әдісі, сатылай - кешенді талдау технологиясы.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Ой шақыру. Сабаққа қызығушылығын ояту. Топтық тапсырма: мазмұнды суреттер (әдептілік туралы) арқылы сөйлемдерден мағына жағынан өзара байланысты екі не одан көп сөйлемнен мәтін құрау. Әр топ жұмыстарын тақтаға іліп, әңгімелейді.
- Олай болса осы мәтіндер арқылы қандай қасиеттерді көруге болады.
Қорыту, бүгінгі тақырыптың атын ашу.

III. Жаңа сабақ. 1. Өлең авторымен таныстыру.
Әбдірахман Асылбеков - Жамбыл облысында дүниеге келген. Мұғалім болған. Балаларға арнап өлеңдер жинағы шыққан, ән мәтіндерін жазған.
2. Әр топқа өлеңнің бір - бір шумағын оқытып, онда не туралы айтылғанын әңгімелету.

IV. Сөздік жұмысы: кішіпейіл - ізетті, қарапайым.
бауырмал - тату, қамқоршы.

V. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Атасы немересіне қандай ақыл айтты?
- Қандай баланы әдепті деуге болады?
Оқушылар жауабын тыңдау.

VI. 129 - жаттығу. Дәптермен жұмыс. Әр топ өлеңнің екі жолын көшіріп, дауысты дыбыстардың астын сызу.
I топ Атам менің әрқашан
Кішіпейіл бол деген.
II топ Атам менің әрқашан
Бол дейтұғын бауырмал.
III топ Атам менің әрқашан
Мейірімді бол деген.

VII. Топтық тапсырма: асты сызылған сөздерге сатылай - кешенді талдау технологиясы: математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау.
- Оқушылар жұмысын тақтаға іліп, топ басшысы жұмысын қорғайды.
Кішіпейіл
9 ○= 4( 3і, е)□
5( к, ш, п, й, л)△

Бауырмал
8 ○= 3( а, ы, а)□
5(б, у, р, м, л)△

Мейірімді
9 ○= 4(3і, е)□
5(м, й, р, м, д)△

VIII. Ойын "Кім жылдам?" Сөздерден мақал құрастыру. Топтық тапсырма.
Әр топ сөздерден мақал кұрастырды, мақалдың мағынасын ашу:
1. Ата балаға сыншы.
2. Әке көрген оқ жонар.
3. Үлкенге құрмет - кішіге ізет.
IX. Сабақты қорытындылау.
X. Бағалау.
XI. Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу, соңғы шумағын көшіріп жазу.


Скачать


zharar.kz