Тақырыбы: Желтоқсан желі Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
І тәрбиеші: Сенде арманда едің - ау, менде арманда,
Сол арманға қол жетті, арман бар ма!
Өзімізді өзіміз таба алмастан,
Адаспаймыз, сап тарап ормандарда.
ІІ тәрбиеші: Аспан түсті туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз ел біледі.
Ән ұран да, Елтаңба - өзімдікі,
Тәуелсіз, егеменді елміз енді.
Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,
Мәртебеміз биікте болар ма едік?
Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,
Әлем шырқап, қосылып тұрар ма едік?!
Тәрбиеші: 1986 жыл, 16 желтоқсан. Осы күні еліміздің Тәуелсіздігін сұраған бір топ жас алаңға шықты.
Балалар хормен: Қазақстан жасасын! , Тәуелсіз елім жасасын! , Елімізге егемендік берілсін! - деген ұранмен шығады. Қолдарында ұран жазылған лозунгтар. Оларды қарулы жасақтар (Бекнұр мен Санжар (Рамазанды), (Саша мен Аман(Қызғалдақты алып кетеді).
1. Рамазан:
Қазақ деген затым бар,
Қайрат деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десен, атыңдар!
Атам десең атыңдар!
Тәрбиеші: Жастардың тілегі орындалып, еліміз Тәуелсіздік алды. Аллаға шүкір бейбіт өмір кешуде. Желтоқсанның сол ызғарлы күндерін еске алып, жастарымыз былай дейді:
2. Санжар:
Сол күндерді есіме мен көп алам,
Желтоқсанның 17 - і топ алаң.
Ешкімнің де түсіне кірмеген,
Басталды бір у - шу зобалаң.
Елім менің Тәуелсіздік көкседі,
Жүрегінде үміт оты өшпеді.
Орындалды көптен күткен тілегі,
Тәуелсізбіз, егеменді ел енді!
3. Жансая:
Ән ұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика ән ұраны!
Хор: Ән ұран!
4. Қызғалдақ:
Желтоқсанның ызғары - ай,
Кірпікке қатқан мұздары - ай.
Елім - ай деп егілген,
Ұлдары мен қыздары - ай!
5. Қайсар:
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
6. Әділ: Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің.
6. Дәурен:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.
7. Бекнұр:
Менде адаммын, жаралған ет сүйектен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Жанын да ары үшін құрбан еткен.
Хор: Желтоқсан желі
8. Ардақ:
Көк майсалы жерім менің,
Егеменді елім менің.
Бас имеймін ешкімге,
Тәуелсізбін мен бүгін.
9. Інжу:
Егемен болмай ел болмас,
Етек - жеңі кем болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
10. Саша:
Великую землю,
Любимую землю.
Где мой родились и живем,
Мы родиной светлый.
Мы родиной милый.
Мы родиной нашей завем!
11. Айназ:
Өзімдікі елім де,
Өзімдікі жерім де.
Би - билейтін күн бүгін,
Тәуелсіздік төрінде.
Қазақ биі - (Әлихан, Әділ, Жансая, Ардақ)
12. Еркенұр:
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
13. Дильназ:
Жасасын жаса, азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
14. Бақыт:
Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.
15. Алдияр:
Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.
Хор: Жас дәуірдің түлегіміз
16. Әлихан:
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
17. Айсұлтан:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Әрқашан, әрқашан,
Көк байрағым желбіресін.
Жеке ән: Тәуелсіз Қазақстан! Жансая.
18. Аман:
Қазақстан елім менің,
Саған ешбір жер жетпейді.
Біз тұрғанда шекарадан,
Ешқандай жау өтпейді.
19. Нұрғиса:
Тақпақ айтып, ән айтып,
Жырлайықшы бүгін біз.
Тәуелсіздік төрінде,
Билейікші бүгін біз.
Тәрбиеші: Егеменді ел болып, Тәуелсіздік алған мерекемізді құттықтап қуанышымызды бөлісуге бауырлас өзбек жерінен өзбек қыздары (Айназ, Ардақ) келіпті. Олар өздерінің Өзбек билерін сыйға тартады.
Жеке ән: Атамекен
(Санжар, Рамазан, Бекнұр, Аман, Әлихан, Айсұлтан)
Хор: Ел қорғауға әзірміз!
Ақ көгершін әнімен көгершіндер (Дильназ, Қызғалдақ, Інжу) жүрекшелерді ұстап кіреді, билейді. Жүрекшелерін қонақтарға сыйлайды.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Елімізге тыныштық, отбастарыңызға аманшылық, бүлдіршіндерімізге бақытты болашақ тілейміз.
Біздің бейбітшіліктің ақ көгершіндері сыйлаған Бақыт, шаттық, жақсылық, имандылық, қуаныш сіздермен мәңгі жолдас болсын!