Сабақтың тақырыбы: Майлар
Сабақтың мақсаты: Оттекті органикалық қосылыстар – майлар туралы білім қалыптастыру;
Сабақтың міндеттері:
• Білімділік: білім алушыларға майлардың құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы және олардың биологиялық маңызы туралы білім беру.
• Дамытушылық: бақылай білу біліктілігін, теориялық білімдерін химиялық қасиеттерін болжауға қолдана білу қабілетін, жалпы білім беру дағдыларын (анализ, синтез, қорытындылау) дамыту.
• Тәрбиелік: білім алушылардың бір - біріне құрметпен қарауға, ұжымшылдық пен жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: СТО тәсілдері, әңгімелеу, топпен жұмыс, электрондық викторина
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: сынауықтар, сынауық ұстағыш, фарфор ыдыс, білте, майлар түрлері, KMnO4, су, спирт, ацетон, сіріңке.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Білім алушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа қатысымын, жалпы дайындығын бақылау, шолу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тақырып: Карбон қышқылдары. Күрделі эфирлер бойынша теориялық сұрақтарды талдау:
1. Карбон қышқылдарының құрылысы.
2. Бірнегізді қаныққан карбон қышқылдарының номенклатурасы мен изомериясы
3. Физикалық қасиеттері
4. Химиялық қасиеттері
5. Алынуы
6. Қолданылуы.
7. Күрделі эфирлер, олардың құрылысы, қасиеттері, алынуы мен қолданылуы