Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: біліктілік - әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс - әрекеттері арқылы икемділігін қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
Дамытушылық - оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, байқату, олардың ой өрісін, тіл байлықтарын, тапсырдық, ізгілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік - оқушылардың ата - ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, Әліппе , Ана тілі , шар, гүлдер.
Барысы.
Мұғалім: Қымбатты аталар, ақжаулықты аналар! Бүгін 1 - сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, біз бүгін барлық ғылымының атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппемен қоштасқалы отырмыз. бүгін біз шексіз қуаныштымыз. олай болса, сүйікті Әліппемізді кішкентай іні - сіңілдерімізге тапсыру - міндетіміз.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, халайық!
2 - жүргізуші: Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар!
жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамыр.
Алдарында жауқазындар құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер соған жауап беріңдер.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар.
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым - Әліппе,
Мені анадай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен әкпең де.
Балалар, сендер мені оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер!
Оқушылар: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйренейік. Сонымен қатар жазуды, оқуды да меңгердік.
Оқушы: Әліпбейдің А тұрады басында,
Әрқашан да Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші.
Оқушы: А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты.
Б дегенің ол балалар ғой әдемі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар әліпбидің басында.
Оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Оқушы: Іші толған әріпке
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қадірлеуге үйрету. Шешендік өнерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Ана тілі жайындағы кітаптар, даналық сөздер.
Жүргізілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Өнер алды - қызыл тілі - деп Абай атамыз айтқандай, сіздер сөз өнері байқауына 1001 мақал, 101 жұмбақ сайысын тамашалағалы отырсыздар.
Ендеше, қошеметтеп, ойынға қатысушыларды ортаға шақырайық.
Ойын шарты: 1. Үйден дайындап келген 5 мақал айыту.
2. Берілген тақырыпқа мақал құрау.
3. Мақалдың тіркесін табу.
ІІ. Берілген тақырыпқа мақал құрау
1. Тіл туралы мақал айыту: Өнер алды - қызыл тілі
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!
Басқа пәле тілден
Бала тілі - бал .
2. Ас туралы мақал айту: Ас - адамның арқауы , Асың дәмді болса, көңілің сәнді болар , Анасын көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш , Ас бар жерде ауру тұрмайды , Ас иесімен тәтті .
3. Жақсылық пен жаманшылық туралы мақал айту:
Жақсы бала - сүйік, жаман бала - күйік
жақсылыққа жақсылық ер кісінің ісі
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі .
4. Ақыл туралы мақал айту: Ашу асыққанда ақыл басу айтады , Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе , Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос , ас тасыса, қатығы төгілер, Ашу тасыса, ақылы төгілер .
Адамгершіліктеріңе көп рахмет, кішкентай достарым.
Осы кезде сахнаға Ана тілі шығады.
Оқушы: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсеге үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Толқындатып сөйлеттің.
Хормен: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Әліппе: қош, сау болыңдар, кішкентай шәкірттер!
(шашу шашылады)
Ән: Әрқашан күн сөнбесін.