Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№51 М. Қаратаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Бейсенбекова Алима
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы "Қалқаман - Мамыр" поэмасы
Сабақтың мақсаты:
- Поэма мазмұнымен танысу, шығармадағы негізгі ойды таба білу;
- Автордың негізгі ойын өз ойымен байланыстырып оқу, шығармадағы қарама - қайшылықты табу.
Күтілетін нәтиже: - Поэма мазмұнымен танысу, шығармадағы негізгі ойды таба алады;
- Автордың негізгі ойын өз ойымен байланыстырып оқитын болады, шығармадағы қарама - қайшылықты табады.
Түйінді идеялар Поэмадағы негізгі ой - жеті атаға дейін қыз алыспау салтының сақталуы.
Сабақтың түрі: Сындарлы сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, миға шабуыл, серпілген сауал.
Сабақтың формасы: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Керекті жабдықтар, ресурстар: Оқулық, кесте, А4 парағы, маркерлер, бағалау парағы, интербелсенді тақта, т. б
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, орыс тілі, тарих.
Негізгі дереккөздер: Оқулық, баспа көздері, интернет ресурс
Сабақ барысы:
Кіріспе.
1. Сыныппен амандасу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.
Мен кіммін? Танымдық ойынға өз еркімен алдымен бір оқушы шығады. Ойынға шыққан
оқушы маңдайына жабыстырылған стикерден басқалардың суреттеуі бойынша жұмбақ
кейіпкердің кім екенін табады. Ойынға қатысушылар жұмбақ кейіпкерді портреті,
іс - әрекеті, мінез - құлқы, т. б. арқылы әр қырынан суреттеп, ойыншының тез таба қоюына
мүмкіндік бермеуге тырысады. Кем дегенде 3 - 4 оқушы ойнайды.
2. Сыныпты үш топқа бөлу
3. Үй тапсырмасын тексеру.
"Он сұрақ"әдісі арқылы үй тапсырмасын қорыту. Тренингке қатысады.
Оқушылар топқа бөлінеді.
Жазып келген мәтіндерін оқиды. Тапсырмаларды орындайды.
Тұсаукесер.
1. Тақырыпты айқындау кезеңі.
Тірек сөздер арқылы тақырыпты ашу
2. Тақырыпты негіздеу.- Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
"Қалқаман - Мамыр"поэмасымен танысамыз.
Негізгі бөлім.
(20мин)
1. Топтық тапсырма беру.
1 - топ. Көкенай мен Әнет бабаның іс - әрекетін Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз.
2 - топ. Көкенайдың іс - әрекетімен келісетін не келіспейтініңізді бес дәлелмен көрсетіңіз.
3 - топ. Әнет бабаның іс - әрекетімен келісетін не келіспейтініңізді бес дәлелмен
көрсетіңіз.
Мәтінді талдау:
1. Шығармадағы оқиғалардың даму ретін сызба арқылы көрсетіңіз.
2. Осы оқиғалар тізбегінен ең маңызды 3 мәселені бөліп алыңыз.
3. Маңызды деп тапқан мәселелерді бүгінгі күнмен салыстырыңыз.
4. Поэмадағы ешқашан маңызын жоймау керек деген мәселелерді дәлел келтіре
отырып, сынып назарына ұсыныңыз.
Жұптық тапсырма
4. Қалқаман мен Мамырдың іс - әрекеттерінде салт - дәстүрге қайшы тұстарын ата.
Нені өзгертуге тырысар едің?
Қорытынды
І. Шығармашылық жеке тапсырма беру
1. Мамырдың не Қалқаманның әрекетіне екі жақты күнделік ұсыныңыз.
2. Қалқаман мен Мамырдың әрекеті сол кездегі қазақ жастарына қаншалықты әсер
еткенін болжаңыз.
Бағалау.
Үйге тапсырма
Толық нұсқасын жүктеу