Бір шеті тұйықталған түзу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайтуды қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сан қатарын, санның құрамын, қосу мен азайту амалдарының мағынасы туралы білім, білік дағдыларын анықтау және сәйкес терминдерді игеруге машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, алғыр - лық, шапшаңдық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың ұқыптылыққа, жинақылыққа, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер, топшамалар.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№ 6 тапсырманы оқыта отырып тексеру.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық: Сөзжұмбақ шешу. Ол үшін сұраққа жауап береміз.
1) Белгісізі бар теңдік. (теңдеу)
2) Бір шеті тұйықталған түзу.(сәуле)
3) Азайтудың бірінші компоненті.(азайғыш)
4) Алты ондық.(алпыс)
5) Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді? (қосынды)
6) 1м неше см – ге тең? (100см)
7) Екі шеті тұйықталған түзу.(кесінді)
8) 6 - 3 - бұл қандай өрнек? (айырма)

теңдеу
сәуле
азайғыш
алпыс
қосынды
жүз
кесінд
айырма
- Туған жеріміз қалай аталады? (Арал)
Бүгінгі сабақта туған жерге ойша саяхат жасаймыз.

Мынау балық ұстаған балықшы ескерткіші. Туған жеріміз Арал балық шаруашылығымен айналысқан. Повольжие халқы аштықтан қырылуға аз қалғанда, вагон - вагон балық жөнелткені туралы тарихта жазылған.
Біз қаламыздың әсем де әдемі алаңына бару үшін оқулығымыздағы №1 тапсырманы орындау керек.
Осы тапсырмалардың қайсысы есеп. Оны шығар.

ІV. Дәптермен жұмыс.
а) Елтай 12 мысал және 3 есеп шығарды. Елтай барлығы неше тапсырма орындады?
Мысал - 12
Есеп - 3
Барлығы -?
Шешуі: 12+3=15
Жауабы: Барлығы 15 тапсырма

ә) Елтай орындаған барлық тапсырманың 5 - еуінің шешуін дәптерге жазды. Ол әлі неше тапсырманың шешуін жазуы керек?
Екінші тапсырманы есепке айналдыр және шығар. Екі тапсырманың арасында қандай байланыс бар?
Барлығы – 15 тапсырма
Жазды - 5 тапсырма
Жазу керек -?
Шешуі: 15 – 5 = 10
Жауабы: жазу керек 10 тапсырма
Біз тапсырманы орындап болдық.. Енді саяхаттап баратын алаңымыз Ғашықтар алаңы екен.

Бұл алаңда қазақтың батыры Төлеген мен көркіне ақылы сай Қыз Жібектің ескерткіштері бар. Қазақта Қыз Жібек жыры желісімен киносы түсірілген.
Келесі тапсырма Теңдеулерді шеш . Әр қатар біреуден шығарып тексерейік. Содан соң ойша саяхатымызды жалғастырамыз. Өзіндік жұмыс.( әр қатардан бір оқушы оқиды.)
4+а=10 ------------- а - 4=6 -------------- 10 - а=4
а=10 - 4 ------------ а=6+4 --------------- а=10 - 4
а=6 ------------------ а=10 ---------------- а=6
4+6=10 ------------- 10 - 4=6 ------------ 10 - 6=4
10=10 --------------- 6=6 ----------------- 4=4

Жарайсыңдар, балалар! Келесі баратын алаңымыз Тәуелсіздік алаңы .

Тәуелсіздік алаңының биіктігі 21метр ХХІ ғасырда салынғанын білдіреді. Ұшар басында Барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ескерткіштің жанында туған жер үшін күрескен батыр және Мың бала көтерілісін бастаған қолбасшы Сартай батыр ескерткіші және де елдің ақылшысы болған, ел билеген биіміз Әйтеке би, сонымен бірге туған жерді жырға қосып жырлаған жырау Нұртуған жыраудың ескерткіші бар.

Келесі тапсырманы орындасақ туған жеріміздің әсем де, көрікті жерін тамашалаймыз.
Ол үшін №3 тапсырманы орындаймыз.(тақтаға)
79 бен 83 - тің арасындағы сандарды өсу ретімен жаз. Оларды салыстыр. Осы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жаз.

79, 80, 81, 82, 83.
79


Скачать


zharar.kz