Қазақ хандығын құрған хандарды ата

Скачать

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің
ІІІ деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі
Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы

Қазақ хандары, билері, батырлары.
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 сынып оқулығы, ғаламтор мәліметтері
Жалпы мақсаты – міндеттері:
Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында білім беру
Күтілетін нәтиже:
Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды; Диалогтік оқытудағы ашық және жабық сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады
Жеті модульдің кіріктірілуі:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
АКТ - ні қолдану.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Негізгі идеялар:
Қазақ хандары, билері мен батырларының еліміздің әлеуметтік - саяси дамуындағы ролі
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: топтастыру: жеке, топтық жұмыстар, ассосация, тұлғаны таны рефлексия, ББҮ, Хат қоржын , рольдік ойын
Ресурстар:
Карта, интерактивті тақта, слайд, плакат, стикер, маркер, жұмыс парағы, ғаламтор мәліметі

Сабақтың жүру барысы
Сабақ кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Оқушыларға қағаз қиындыларын ұсынып, сол арқылы сыныпты топтастыруБағалау қалпақтарын (қазақтың ұлттық айырқалпақ сурет қиындысы) таратып, ББҮ кестесін қалай толтыру керектігін түсіндіру
Оқушының іс - әрекеті:
Пазл құрастыру(қазақ, этноним, хан) арқылы топқа бөлінеді, қағаз қиындысындағы жазумен топпен құрастырып, шешілген тапсырма бойынша жауап айтады. Бағалау қалпақтарын алады.

Үй тапсырмасын пысықтау: 5 мин
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Ашық сұрақ. Хат қоржын әдісімен сұрақтар қою арқылы бекіту:
1. Қазақ хандығын құрған хандарды ата
2. Қазақ хандығы қашан құрылды? т. б.
Оқушының іс - әрекеті:
Үйге берілген тапсырманы сұрақ - жауап арқылы диалогқа түсіру.
Берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау.

Жаңа тақырып: 20 мин
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Ойқозғау: Балалар хан, би, батыр деген сөздерді қалай түсінеміз?
Оқушының іс - әрекеті:
ББҮ кестесінің 1 - 2 бағанын стикермен толтырады. Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Жаңа тақырыпты таныстыру: презентация
1 - қадам: топтық жұмыс: жаңа тақырыпқа байланысты постер әдісін пайдалану
І топ: Хандар
ІІ топ: Билер
ІІІ топ: Батырлар

Оқушының іс - әрекеті:
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау арқылы тақырыпты талдайды

Сергіту сәті: Қаражорға биі
Оқушылар би билеп сергіп, келесі тапсырманы орындауға ынталанады

2 - қадам: Рольдік ойын
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Әр топ басшысына мұғалім алдынан роль белгіленген тапсырманы таңдатқызу (хан, би, батырлар: диалогты көрініс)
Оқушының іс - әрекеті:
Берілген рольге қатысты топпен бірлесіп аз уақыт ішінде қысқа диалогты қойылым көрсету

Бекіту: 5мин
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Жаңа тақырып қатысты ашық, жабық сұрақтар қою.
Оқушының іс - әрекеті:
Оқушылар қойылған сұрақтардың жауабын айтады.

Алған білімді жүйелеу: 5 минут
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Ұлы дала дүбірі сериясынан үзінді көрсету
Оқушының іс - әрекеті:
Бейнебаяннан көрген көріністері туралы ойтолғаныс

Бағалау, рефлексия: 5 минут
ББҮ кестесін стикермен толтыру.
Қалпақтар санын есептеу
Формативті және суммативті бағалау

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz