Қазақ әдебиеті 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы Еспенбет дастаны
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Шығарманың мазмұнын білу, әдеби - теориялық талдау жасау, батырлар жырымен үндестігін таныту;
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: поэманың мазмұнын, тақырыбын, идеясын біледі;
Оқушылардың басым бөлігі: әдеби - теориялық талдау жасайды, басқа батырлар жырымен салыстырады, үндестігін табады;
Кейбір оқушылар: өзінің танымдық әрекетін жоспарлай алады, проблеманы анықтап оның шешу жолдарын айқындап, өз ойларын айтады;
Тілдік мақсат: Оқушылар: шығарманы бірлескен оқу арқылы еркін меңгереді, өз ойларын әдеби тілде, нақты дәлелдермен айта алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Еспенбет, Ер Қосай, қамқорлық, жетім, жөн - жоралғы, сыбан елі, нағашы ата, Ақбөрте, бәйге, Ақтанберді, Қабанбай, қалмақ қамалы, олжа;
Сыныптағы диалог жазылым үшін тілдік бірліктер: дастанның басты кейіпкерлері кім және негізгі идеясы неде?
Талдауға арналған тармақтар: ер туған жерге, ит тойған жерге деген халық нақылын басшылыққа алу себебі?
Батыр тұлғасы - халық бейнесімен тең...
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Алдыңғы тақырып: Махамбет Өтемісұлы
Басталуы
1. Оқушылармен амандасу, психологиялық ахуал қалыптастыру;
2. Н. Қабылбектің өлең шумақтары арқылы сыныпты екі топқа бөлу;
3. Дастанды жатқа сұрау үзінді
4. Радиоға қоңырау шалу (Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын болжалды, мұғалімнің қойған ашық, жабық сұрақтарына жауап береді).
Дулат Бабатайұлы Еспенбет дастаны. жүктеу