Бульдік операция - сығу тәжірибелік сабағында орындалған тапсырмаларды тексеру

Скачать

арнайы пәндер оқытушысы Манарбек Махпал

Қолданбалы информатика
Тақырыбы: Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Мақсаты: Бульдік операциясы – айналдыру көмегімен бұрамды біліктің моделін жасап үйрену.
Міндеттері:
Дидактикалық: модельдеудің жаңа әдісімен таныстыру, айналдыру амалымен бөлшектің үш өлшемді үлгісін жасап үйрену;
Дамытушы: логикалық ойлау қабілетін және пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: білім алушыларды заман талабына сай жан - жақтылыққа үйрету, жеке іскерлік қасиеттерін шыңдауға тәрбиелеу;
Әдістемелік: оқытудың белсенді әдістерінің элементтерін пайдалана отырып, тәжірибелік сабақ көрсету.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Оқыту әдісі: сөзбен, көрнекі, тәжірибелік, ізденістік жұмыс.
Өткізу нысаны: жеке жұмыс
Пәнаралық байланыс: Информатика , Сызу .
Құрал - жабдықтар: дербес компьютерлер, мультимедиялық проектор, тапсырмалар, бағдарламалық қамтамасыз ету
Уақыты: 60 мин.

Сабақтың құрылымдық - логикалық сұлбасы мен хронологиялық картасы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут.
1. 1 Білім алушылармен сәлемдесу
1. 2 Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, сабаққа жұмылдыру
ІІ. Теориялық материалды қайталау - 13 минут.
2. 1. Тапсырмаларды тексеру;
2. 2. Сұрақтарға жауап беру.
III. Тәжірибелік жұмыс – 35 минут
3. 1. Бұрамдық біліктің моделін жасау;
IV. Тақырыпты бекіту – 7 мин
4. 1. Сұрақтарға жауап беру;
V. Сабаққа қорытынды жасау – 3 мин.
5. 1. Білім алушыларды бағалау.
5. 2. Үй тапсырмасын беру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. 1 Білім алушылармен сәлемдесу.
Сәлеметсіздер ме! Бүгін Қолданбалы информатика пәнінен өткізілетін тәжірибелік сабағымызды бастаймыз.
1. 2 Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, сабаққа жұмылдыру
ІІ. Теориялық материалды қайталау
Мақсаты: Осы пәннен алған теориялық және практикалық материалдарды қайталау, білімдерді бекіту. Білім алушылардың танымдылығын ынталандыру, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастыру қабілеттерін бақылау, маман ретінде қалыптасу даярлығының деңгейін тексеру болып табылады.
2. 1. Тапсырмаларды тексеру
Алдыңғы Үшөлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция – сығу тәжірибелік сабағында орындалған тапсырмаларды тексеру.
2. 2 Сұрақтарға жауап беру
Сұрақтарға жауап беруде оқушылар тәжірибелік сабақтар барысында алған білімдерін көрсетеді және бекітеді, практика жүзінде тақтаға көрсетеді


Скачать


zharar.kz