Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім

Скачать

Тәрбие сағатының тақырыбы: Арулар сайысы
Мақсаты: Сыныптағы қыз балалар бойына сыпайылық, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру, ой - өрістерін дамыту.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: слайд
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрлері, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.
Ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім - тәрбие берерлік өсиет сөздер бар.
Оқырмандар арасында – халқымыздың әдет - ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше Арулар атты сайыс байқауын бастаймыз.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Аубакирова С. С
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жүкенова Б. Б

Сайыс 5 кезеңнен құралған.
Сайыс кезеңдері:
1. Сұрақ - жауап
2. Қонақ күте білеміз бе?
3. Мақал - мәтел
4. Өнер сайысы
5. Поэзия минуттары

Сайыс байқауымыздың міндеттерімен таныстырайық.
1. Әр қатысушыға кезекпен сұрақтар қояды.
2. Егерде сұраққа жауап бере алмаса келесі жауап беруіне болады.
3. Сұрақтардың жауаптары 5 ұпайлық белгімен бағаланады.

Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын, - деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
I - кезең: Сұрақ - жауап
Сұрақтар:
1. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды? (Бәйге)
2. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды? (Көкпар)
3. Ертедегі елін жаудан қорғаған қазақ батырларының адам жинауын қалай атаған? (Қол жинау)
4. Қазақтан шыққан алғашқы космонавт кім? (Тоқтар Әубәкіров)
5. Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар деп айтқан кім? (Сырым батыр)
6. Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)


Скачать


zharar.kz