Орындағандар: Машанова В. Ж
Идирова Ж. С
Жүргізуші: Саламатсыздар ма құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар. НҰРҒИСА ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ САЗДЫ ЖҮРЕГІ атты шығармашылық кешімізге қош келдіңіздер. Ең бір көшпелі тарих – ән мен күй тарихы. Ұлы болу үшін алдымен ұл болу керек. Еркек атаулының бәрін ұл деп атау қиын. Өйткені, қазақ қашанда мақтағанда Ай, ол атадан ұл болып туған ойлар дер еді. Бірақ, ол әлі Ұлы деген сөз емес. Сондай – ақ, ұл десеңіз де, ұлы десеңіз де, қандай мақтауға да сиятын адамның бірі бүгін арамызда жоқ композитор Нұрғиса Тілендиев. Бүгін, 1 сәуірде, көрнекті композитор, Қазақстанның халық қаһарманы, дәулескер күйші, Отырар сазы фольклорлық - этнографиялық оркестрдің негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Нұрғиса Тілендиевтің туылғанына 90 жыл толды. Нұрғиса туған Шилікемердегі үйде бесікте іңгәлап жатқанда естілген әкесі Тіленді тартқан күйлермен оның құлағы ашылса, ес біле бастағанда естіген Дәурен салдың, Бейсебай Қаратаевтың, Шүкітай Әбдікәрімовтың, Иса Тергеусізовтың, тағы басқалардың дауысына аспандағы құс айналған құш әуезді әндері, қатты әсер етті. Егер қазақ өнерді үйрен, үйрен де жирен десе, Нұрғиса да осының бәрін үйреніп, әсіресе түп - тұқияннан сыр шертіп, сонау Сақ, Үйсін, Ғұн заманының зарын - мұңын, қуанышын - шаттығын арқалап жеткізген Әл - Фараби домбырасы мен Қорқыт қобызы өзіне жолдас етіп алды. Қазақ атамның сол қоңыр домбырасы Нұрғиса Тілендиевті бүгін қазақтың ұлы Нұрғисасы етті, еліне әйгілі, халқына ардақты адам етті.
Жүргізуші:
Алатаудай бір асқақтап,
Әлемнің күйін ардақтап.
Елімен бірге Нұрғиса
Өнермен жүрді сыр сақтап.
Алатау әнін шырқатып,
Көктем күнін жырлатып.
Сәбилер сазын жинады
Атасы күйдің атанып.
Сөзі: Н. Әлімқұлов, Әні: Н. Тілендиев
Алатау орындайтын ________________________
Жүргізуші: Н. Тілендиев арамызда жоқ болғанымен шығармалары бүгінгі күнге дейін бәрімізге қуаныш сыйлайды. Нұрғиса Тілендиев туралы Құдай берген дарындылығы бар деп айтамыз. Оның дарынды туындылары уақыт өте өз өзектілігін жоғалтпай, шығармашылығы ең жоғары бағаларға лайықты деп дәлелденген. Нұрғиса Атабайұлы өз шығармаларын ұлттық әуендермен және заманауи мелодияларымен ұштастыра білді. Экранға назар аударайық. ( Н. Тілендиев туралы өмір дерек фильмі жүреді)
Күйін тартса сыңғырлап
Құлағыңа сыбырлап
Жатқандай бір нәзік үн Оятады тұр – тұрлап
Н. Тілендиевтің күйі Әлқисса
орындайтын ___________________________
Жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер.
(Оқушылар өлеңдерін оқиды.)
Жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол – 500 - ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырды: ән, күй, романс, уветюра, поэма, кантата, опера, балет т. б.
Сүйікті шығармаларынан Достық жолымен (1958 ж.), Менің Қазақстаным кантатасын (1959 ж.), Қ. Қожамьяровпен бірлесіп жазған Алтын таулар операсын (1961 ж.), Ата толғауы және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962 ж.), Халық қуанышы (1963 ж.), Қайрат (1964 ж.), Жеңіс солдаты (1975 ж.) сияақты уветюраларын атауға болады. Оның Аққу , Аңсау , Арман , Ата толғауы , Әлқисса , Қорқыт туралы аңыз , Көш керуені , Махамбет , Фараби сазы сияқты күйлері мен Сарыжайлау , Алатау , Ақжайық , Ақ құсым , Өз елім сияқты ондаған әндері халықтық бояу - нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.
Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Нұрғиса Тілендиев музыкасын жазған М. Әуезовтың, Ш. Аймановтың, Ә. Тәжібаевтың пьесалары, сондай - ақ Қыз Жібек , Көксерек , Менің атым Қожа , Қарлығаштың құйрығы неге айыр? , Ақсақ құлан фильмдері әрқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған.
Соның ішінде Қыз Жібек фильмінен үзінді назар аударайық.
(кино көрсетіледі)
Аққу күйін Жүнісов Әділдің орындауында тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Менің атым Қожа фильмінен үзінді назар аударайық.
(кино көрсетіледі)
Туған ел әні Еркінқала балалар саз мектебінің ансамбльі орындауында тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Көксерек фильмінен үзінді назар аударайық.
(кино көрсетіледі)
Т. Молдағалиев сөзіне жазылған Саржайлау әні орындайтын
Бекбергенова Бибігүл
Жүргізуші: Мәскеудің П. И. Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н. П. Аносовтың класы бойынша) бітірді.
Қазақтың Абай атындағы Опера және балет театрында (1953 - 1961 жж.), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961 - 1964 жж.) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген Отырар сазы халық аспаптары оркестрінде (1981 - 1998 жж.) бас дирижер қызметін атқарды.
Сондай - ақ, 1968 жылы Қазақфильм киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.. Алғыр қыран, қамал бұзар батыр, желден озған жүйрек, күн тимес сұлудың бәрі де дүниеден өтеді . Өлмейтін тек өнер деген екен. Н. Тілендиевтің өнері, қалдырған асыл музыкасы халқының құлағында мәңгі қалады.