Мұқағали Мақатаев
Аякөз, сірә, аядай бұлаң көзі емес,
Аяулы, сірә, қыз болар.
Ақиқат бағып, анықтап жатар кез емес,
Белгісіз, досым, белгісіз түр ғой бізге олар.
Белінде мынау берігіп жатқан қырлардың,
Бейіттен бөлек, белгісі жоқ - ты қыздардың,
Кезінде, сірә, қызғалдақ болып гүл жарды,
Түндігін тесіп туыргын жатқан мұз - қардың.
Бүр жарды,
Кетті.
Өмірді мәңгі мансүқ қып,
Соларды іздеп, сорларды талай қаңсыттық.
Қойғаны - ай, шіркін, өмірдің қатал заңының,
Оларды бізге, оларға бізді таңсық қып.
Аякөз - деген - аядай бұлақ деседі.
(Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді?)
Аякөз болып. ғасырлар алға көшеді,
Аякөз,- Арулар елі кешегі!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2