Мұқағали Мақатаев өлеңіСен шынымен жоғалдың ба

Скачать

Мұқағали Мақатаев өлеңі
Сен шынымен жоғалдың ба?!
Жоғалдың.
Солай шығар,
Шын сүймеген боларсың.
Енді сені өліге мен санаймын,
Сен туралы толғануды доғардым.

Ақымақ-ай!
Бір көрінсең болмай ма?
Табар едім,
Саған барар жол қайда?
Шыр айналған шынашақтай шымшық та,
Шырылдап кеп ұясына қонбай ма?!

О, неғылған дәтің берік пенде едің?!
Тым құрыса бір айналып көрмедің.
Тым құрыса түсіме енші, түсіме,
Түсіме енші!
Шөлдедім-ау, шөлдедім.

Дайындаған: Асыл


Скачать


zharar.kz