Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер

Скачать

Сынып: 6
Тақырыбы: §52. Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында

Мақсаты:
А) Білімділік: Саяси карта туралы түсінік бере отырып, шетел, ТМД елдерімен оқушыларды
таныстыру. Қазақстанның әлем картасындағы орнын анықтау.
Ә) Тәрбиелік: Дүние жүзі елдерінің классификациясы туралы түсінік бере отырып,
оқушыларға азаматтық - патриоттық, құқықтық тәрбие беру.
Б) Дамытушылық: Оқушыларды ізденіске, еңбекқорлыққа, іскерлікке, қиындықты ойлана
отырып шешуге, логикалық ойлауын дамыту, география пәніне танымдық
қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, ҚР саяси - әкімшілік картасы,
электронды оқулық, атлас, кескін карта, слайд.

Барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу және оқушыларды 4 топқа
бөлу, бағалау критерийлерімен таныстыру.
І топ – Картографтар
ІІ топ – Статистика мамандары
ІІІ топ – Сарапшылар
ІҮ топ - Тарихшылар

ІІ. Қызығушылықты ояту . Бинго ойыны
1. Демография ғылымы дегеніміз не? (Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым)
2. Халықтың орташа тығыздығын табу формуласы қандай?
(орташа тығыздық (1 км2) = халық саны жер көлемі )
3. Жер бетіндегі халық санының күрт өсуі.... деп аталады? ( Демографиялық жарылыс )
4. Жер бетінде неше нәсіл бар, олардың ерекшеліктерін ата?
( 3 нәсіл, еуропоидтық, монғолоидтық, негроидтық)
5. Демографиялық саясат дегеніміз не? Демографиялық саясатты ұстанатын елдерді картадан көрсет? (Үкімет тарапынан халықтың тууын мемлекетке қажетті мөлшерде жүзеге асыруға бағытталған әкімшілік, әлеуметтік, дәрігерлік және басқа да шаралар жүйесін айтады)
6. Халықтың табиғи өсуінің формуласы қандай? (Табиғи өсу= туу өлім)
7. Апартеид дегеніміз не? Түсінік бер. (нәсілдік кемсітушілік)


Скачать


zharar.kz