Өмір туралыӨте өкінішті, өмір сондай қысқа, жіберген қателігімізді түзетіп үлгермейміз

Скачать

Өмір туралы

Өте өкінішті, өмір сондай қысқа, жіберген қателігімізді түзетіп үлгермейміз.

Адам өмірі дөңгелекті арба секілді, қатты жүріп бара жатқан арбаның сені қай бұрылыстан түсіріп кетері белгісіз.

Өмірдің қысқалығы сонша, ол туралы ойланып та үлгермейсің.

Өмір - бұл қазір. Ол кеше немесе ертең емес.

Бұл әлемде неше түрлі тағдыр бар, сенің тағдырың жалғыз – оны бүлдіріп алма?

Өмірге наразылық танытқанша, мәнді өмір сүруге ұмтылыңыз.

Біздер өлгендерді жоқтап емес, өмірге жаңа келген нәрестеге жылайық, себебі оны өмірдің түрлі тауқыметі күтіп тұр.

Бұл өмірде жалғыз бақыт – тоқтаусыз алға қарай талпыну.

Егер өміріңізде қиындық орын алса, оның себебін өзіңізге түсіндіріңіз – сонда жүрегіңіз тынышталады.

Өмір жылау, күрсіну және күлкіден тұрады, алайда күрсіну басымырақ.

Біз көне өмірге сүйсінеміз бірақ, қазіргі заманмен өмір сүреміз.

Өмір сізге езу тартуы үшін, оған бастапқыда өзіңіз жақсы көңіл - күй сыйлаңыз.

Өмір – қас-қағым сәт, кірпік қағумен тең.

Өз ойыңызды білдіріңіз, пікір қалдырыңыз!

Цитаталар
Өмір туралы цитаталар
Өмір туралы қанатты сөздер
Достық туралы


Скачать


zharar.kz