Балабақша тәрбиешісі Жанаргуль Сандыбековна Макатова
Біз - өмірдің гүліміз (балабақшамен қоштасу ертеңгілігі)
Зал іші әсем безендірілген. Үстел үстінде вазада гүл шоқтары салынған. Әр столда дөңгелене төрт - бес түлектен отырады. Залдың төбесі әр түрлі шарлармен безендірілген.
Қош, бол балабақша! , Сәт сапар деген жазулар көздің жауын алып тұр. Әсем әуенмен түлектер ортаға шығады.
1 - Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, ұстаздар, балабақша қызметкерлері! Бүгін балабақшамызда мәпелеп, тәрбиелеп өсірген кішкентай бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Бүгінгі бүлдіршіндер ертеңгі елдің тірегі. Ертеңіміз сәулелі болсын деген, осы бүлдіршіндерімізге ақ
жол, сәт сапар тілейік!
Құттықтау сөзі балабақшамыздың меңгерушісі Гүлжамал Асылгерейқызына беріледі.
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл, ойларың
Өсті, міне, бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың
Бүлдіршіндердің орындауында тақпақтар.
С. Райымбек: Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Гүлжамал мың алғыс
Нұрдаулет: Баулап, баптап өсірдіңіз
Балалық етсем кешірдіңіз
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Ұмытпаймыз өзіңізді
Жанар, Саида апайларға мың алғыс
Зауре: Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық
Б. Райымбек: Тәрбие берген ұлмыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып әдіскер апаймен
Біріншіге барамыз
Ұлболсын апайға мың алғыс
1 - Жүргізуші: Айналайын балалар
Сендер де ой сана бар
Өздеріңнен өседі.
Өнершілер даналар
Бүлдіршіндердің орындауында ән Мен мектепке барамын . Сөзі мен әні: Ж. Қалжанованікі
2 - Жүргізуші: Кезекті тақпақтарға береміз.
Мұстафа: Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны ерекше
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше
Милана: Мен мектепке барамын
Жақсы оқушы боламын
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламын
Дамир: Қайнаған су әкеліп
Іш деп дәрі береді
Жылтылдатып инесін
Түршіктірер денеңді
Света апайға мың алғыс
Егор: Балабақшам қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Ертіп енді келмеймін
2 - Жүргізуші: Балабақша үйіміз
Онда жақсы күйіміз
Тоты құтай түрленіп
Би билейміз жие біз
Қыздарымыздың орындауында Қуыршақтар биі
1 - Жүргізуші: Ойын Біз мектепке барамыз
Ойын шарты: екі бала ортаға шығып берілген заттардың ішінен мектепке
қажетті құралдарды сөмкеге салу керек.
- Жарайсыңдар балалар.
Осы мезетте есік қағып дәрігер кіреді.
Дәрігер: - Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
2 - Жүргізуші: Дәрігер жолдас
Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Сұрақ кетіп жауап ал
Жарамсызы қалады.