Ара жігін ашу белгілі бір жағдайда өзіндік қиындықтар да туғызады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің кейбір нормаларының тікелей еңбек қатынастарын реттей алатындығына мән берген жөн. Атап айтар болсақ, Азаматтық кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке көсіпкер мен азаматтардың арасындағы еңбек шартын, оның ішінде келісім-шартты жасасу мүмкіндігі жөнінде болып келген дауларға нүкте қояды. Жоғарыда айгып өткеніміздей, еңбек қатынасына азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігі Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-тармағында апанық көрсетілген. Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде 1995 жылы 22 жел-тоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты өзінің Пленумында № 10 қаулысын (нормативтік сипаты бар) қабылдады. Бұл қаулы "Моральдық зиянды өндіртіп алу туралы занды соттардың қолдануы туралы" деп аталды. Оның 5-тармағында былай делінген: иЕңбек туралы зандарда рухани немесе дене зардабын шеккендерге өтем төлету жөнінде тікелей айтылмауына қарап, жәбірленуші зиянның орнын толтыруға құқығы жоқ деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң Негіздерінің 131-бабына сүйене отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарғаны не басқа жұмысқа ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей, жұмыста мүгедектікке, кәсіби ауруға ұшыратқаны үшін, сөйтіп, рухани және дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден өтем төлеуді міндеттеуге қүқылы".
Осы орайда еңбек құқығы пәнінің азаматтық құқықтан айырмашылығы — оның еңбек үрдісіндегі қатынасты реттеуінен көрінеді. Себебі онда еңбек нәтижесін алып беру жоқ. Жұмыс күші тауар болып табылмайды. Сол себепті де жекелеген жағдайда жалақы жұмыс күшінің құнын бағалаудың нысаны бола алмайды, жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу оның істеген ісінің саны мен сапасына қатысты келеді. Құқықтық реттеу әдістемесі тұрғысынан қарағанда, жұмыскер жұмыс берушімен шарт жасасып, сол арқылы тең құқықты әріптеске айналатынын байқау қиын емес, дейтұрғанмен жұмыскер ақыр аяғында еңбек тәртібіне бағынып, әкімшіліктің талабын, сондай-ақ оның еңбек ету міндетіне жататын басқа да міндеттерді орындайды.
Отбасы құығы некеге және отбасына қатысты қатынастарды реттейді. Отбасы құқығы некеге тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп танудың жағдайы мен тәртібін реттейді, ата-аналарынын қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында қалу тәртібі мен түрін, азаматтық хал актілерінің тіркеу тәртібін, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды айқыңдайды. Қажет кезіңде туыстар мен басқа адамар арасындағы жағдайлар занда көзделген ретте қаралады.
Отбасы құқынана реттеудің ерекше әдістемесі тән, ол ерікті түрде болады, ал жарлық ету түріндегісі — императивті, яғни бұйрықты сипатқа ие. Осы екі бастаудың өзі оның ерекшелігін білдіреді.
Отбасы құқығаның дербестігіне қарамастан ол туралы заңмен реттеуге келмейтін отбасылық қатынастарға азаматтық заң қолданылады. Ал мұның өзі отбасы қатынастарына қайшы келе қоймайды. Мысалы, Азаматтық кодекстің 223-бабына сәйкес: ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны, не олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады. Азаматтық кодекстің 223-бабындағы
2-тармаққа сәйкес, егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің қүнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т. б.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі деп танылуы мүмкін. Осы мысалдың өзі-ақ азаматтық занды отбасы қатынастарына қолданудың айқын бір көрінісі болып табылады.
2.1 Халықаралық ынтымақтастық. Адам құқықтарын қорғау саласында халықаралық шарттар бойынша мемлекеттік есептерді әзірлеуге қатысу
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды іске асыруға кеңес беру және көмек көрсету ұлттық құқық қорғау мекемелері қызметтерінің бірі болып табылады. Париж принциптерінің 3-тармағының d) тармақшасына сәйкес ұлттық құқық қорғау мекемелері мемлекеттің адам құқықтары жөніндегі шарттарды Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарымен адам құқықтары саласында халықаралық шарттар бойынша міндеттерді орындауға қатысты ұсынылатын баяндамаларды әзірлеуге қатысады
Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өзінің тәуелсіз мәртебесіне байланысты мемлекеттік баяндамаларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдардың тобына енгізілмесе де, уәкіл мекемесі баяндамаларды әзірлеу барысында мемлекеттік органдарға сараптама-талдау жүргізіп, өз қолдауын көрсетеді. Осылайша, Біріккен Ұлттар Ұйымы комитетіне ұсынылатын ақпараттың барынша толық қамтылуы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.
2005 жылғы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына қатысты баланың құқықтары туралы Конвенцияның факультативтік хаттамасын (бұдан әрі - Хаттама) орындау бойынша Қазақстанның қабылдаған шаралары туралы бастапқы баяндамасына ескертулер айтылды. Хаттама 2001 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңымен заңдастырылды. Баяндама жобасын құрау нәтижесінде мәселеге қатысты мынадай маңызды ескертулер берілді:
1. Баяндамада мемлекеттің факультативтік хаттамасының нормаларын іске асыру бойынша өткізілген жұмысы туралы мәлімет беретін фактілерге мардымсыз назар аударылған;
2. Ұлттық заңнама нормаларына берілген сілтемелер түсіндірілмеген, сондықтан оны түсінуде қиындықтар туындайды;
3. Үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастық бойынша жұмысы түсіндірілмеген. Бұл мемлекеттің азаматтық секторға жеткілікті назар аудармағандығын білдіреді.
Баяндамаға Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштеріне жастарды шақыру бойынша нақты деректер мен қарулы қақтығыстарға кәмелетке толмаған балалардың тартылмағандығын дәлелдейтін басқа да деректерді қосу ұсынылды. Адам құқықтары жөніндегі мемлекеттің шартқа қатысушы мемлекеттермен (HRI/GEN/2/Rev.1/Add.1, 2002 жылғы 18 сәуір) ұсынылатын баяндамалардың нысаны мен мазмұнына қатысты Компиляцияның басқару принциптерінің талаптары есебінен баяндаманы одан әрі жетілдіру ұсынылды.
Сараптамалық бағалау қажеттілігі мен көмегі мемлекеттің шартты міндеттемелері бойынша ақпаратты әзірлеумен ғана емес, БҰҰ қатысушы мемлекеттер міндеттемелеріне де байланысты туындайды. Осыған байланысты, 2005 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне БҰҰ бес сауалнама бойынша ақпарат жолдады.
2005 жылғы 13 маусымда БҰҰ Жоғарғы Комиссарының адам құқықтары жөніндегі басқармасының сауалнамасына БҰҰ Бас хатшысының «Нәсілшілдік, нәсілдік кемсітушілік, ксенофобия және олармен байланысты шыдамсыздықты толық жоюға ғаламдық күш жұмсау, Дурбан декларациясы мен Әрекет бағдарламасын толық орындау» баяндамасын әзірлеу үшін ақпарат жолданды. Құжатта мемлекеттің маңызды құжаттарына сілтеме бере отырып, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім, кемсітушілікке қарсы заңнама нормаларын қатаң сақталуы негізінде аталған институттар және кемсітушілікті болдырмау тетігі кемсітушілікті болдырмау саласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттінің қызметі толығымен көрсетілген, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстанда нәсілдік кемсітушілік, шыдамсыздық және ксенофобия мәселелері көрсетілді.
Қазақстанның осы резолюцияның орындалуы туралы БҰҰ БА 60-сессиясында БҰҰ Бас хатшысының «адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз етуді жақсарту бойынша баламалы келістерін қоса, адам құқықтары мәселесі» баяндамасындағы тармақшасына ақпаратты ұсыну үшін Қазақстанның БҰҰ Бас хатшысының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы А/59/194 «Мигранттарды қорғау» резолюциясын сақтауы туралы талдау ақпараты әзірленді. Осы мәселе бойынша барынша толық ақпарат – «Мигранттар мен ұлттық азшылықты қорғау және көтермелеу» бөлімінде берілген.
Құқық қорғаушылардың құқықтары бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі Х. Джилани 1998 жылғы 9 желтоқсандағы БҰҰ Бас ассамблеясымен қабылданған қоғамның жекелеген тұлғалары, топтары мен органдарының құқықтары мен міндеттері туралы Декларация бойынша міндеттері мен құқықтары жалпы қабылданған адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу мен қорғау туралы сауалнамаға жауаптар әзірленді. Онда Қазақстанның құқық қорғау қауымдастығының қызметі көрсетілген, оның рөлін күшейтуге мүмкіндігі бар әдістер көрсетілген, Қазақстандағы Декларацияның орындалуына баға берілген, құқық қорғау ұйымдарын қолдау бойынша тиімді тәжірибе көрсетілген, құқық қорғау қауымдастығының проблемалары көрсетілген.
2005 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның 6-бабын орындау мониторингі жолданды, онда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының балаларды, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясы мәселесі бойынша арнаулы баяндамашылары Х.М. Патетита және адам саудасы мәселесі бойынша С. Худаның өтініштеріне сәйкес, БҰҰ-ына қатысушы мемлекеттер БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комиссиясына есеп беруді әзірлеу үшін, сексуалдық пайдаланумен байланысты қызметтер проблемалары бойынша сауалнамаға жауаптар әзірлеу керек. Мониториг БҰҰ Балалар қоры мен «Қазақстан Республикасы заңнамасының бала құқықтарының халықаралық нормаларға сәйкестігіне талдау» Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттінің бірлескен жобасы шеңберінде «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ (Петорпавловск қаласы) әзірленді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өз жауабында трафикті және сексуалдық пайдалануды жою саласында тиісті ұлттық әрекет жоспарын әзірлеу, әйелдер мен балаларға қатысты зорлықтың арнаулы мониторингін жүргізу, бала құқықтары және еркектер мен әйелдердің тең құқықтары бойынша мамандандырылған омбудсмендер құру, ювенальды әділет жүйесін енгізу мен басқа да шараларды қолдану саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігін басып айтты.
2005 жылғы 2 қарашада БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комиссиясының білім беру құқығы бойынша, атап айтқанда, Қазақстанда қыздардың білім алуға құқықтарын сақтау бойынша арнаулы баяндамашы сауалнамасына жауаптар жолданды. Ақпаратта заңнама нормалары келтірілген және әртүрлі экономикалық топтардың балаларына, босқын балаларды қоса, білім беру, гендерлік теңдік, білім алу қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ана тілінде оқыту, мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жеткіліксіз қамтылған мектептердің балаларын қолдау, мектептерде адам құқықтарын оқытуға бағытталған мемлекеттердің әрекеттері көрсетілген. Балалардың мектептерге бармау себептері, мектептерде түсініспеушіліктің туындауы, сондай-ақ ЮНИСЕФ зерттеуіне негізделген білім алуға байланысты шығындар көрсетілген.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті 2005 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жалпы және тақырыптық ескертпелер, сондай-ақ «Адам құқықтары бойынша Кеңестің ресми емес құжаттары» жобасы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттінің ұсыныстары жолданды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комиссиясының тұрақты жұмыс істейтін адам құқықтары жөніндегі Кеңеске қайта құрылу идеясын қолдай отырып, Кеңес мәртебесін нақты анықтау және Адам құқықтары жөніндегі комиссиясына тән кемшіліктерді жою қажеттілігін басып айтты. Атап айтқанда, Кеңестің әлемде адам құқықтарының тұрақты бұзушылығын қарау; адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды әзірлеу; әлемдегі адам құқығын сақтау мониторингі; БҰҰ және басқа жүйелерде адам құқықтарын тиімді үйлестіру және алға жылжытуға мүмкіндік беретін саяси ұсыныстарды қалыптастыру сияқты қызметтерді жүзеге асыруды қолдауы айтылды. Адам құқықтары мониторингі әдісінен Кеңестің сайлау және Адам құқықтары жөніндегі комиссиясында болатын екі жақты стандарттарды жеңуге, мемлекеттің адам құқықтары жөніндегі міндеттерін орындауды ынталандыруға бағытталған тең қарау механизмін қолдану маңыздылығы ерекше атап көрсетілді. Кеңестің жоғары кәсіптік қызметін қамтамасыз ету, оның мәртебесі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында БҰҰ Бас ассамблеясы кеңесінің мүшелерін білікті көпшіліктің үштен екі дауысымен, сондай-ақ адам құқықтары саласында жоғары стандарттарды сақтау міндеттемесін қоса, Кеңес мүшелігіне үміткерлер үшін нақты критерийлерді әзірлеу арқылы сайлау ұсынылды.
БҰҰ жүйесінен басқа, 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған бір тараптан Қазақстан Республикасы, екінші тараптан Еуропа қауымдастығы және оған мүше елдері арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісімі шеңберінде Қазақстанның міндеттемелерді орындауға көңіл бөлінді. Осыған байланысты, 2005 жылғы 1 шілдеде Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасы – Еуропа Одағының ынтымақтастығы Кеңесінің жетінші мәжілісінің күн тәртібіндегі 5-тармақ бойынша «Адам құқықтарымен қоса саяси реформалар» баяндамасын әзірлеу үшін материалдар жолданды, онда алтыншы мәжіліс өткізілгеннен кейінгі кезеңде адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы прогрестің талдауы мазмұндалған.
Уәкілеттік мекемесі мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары мен ар-намысы туралы БҰҰ Конвенциясының жобасы бойынша өтініштер мен ұсыныстарды әзірлеуге қатысты.
Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясатты реттейтін халықаралық құралды құру қажеттілігі Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 және Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 2004 жылғы 20 сәуірдегі 2004/52 резолюциясының ұсыныстарына сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері туралы» мамандандырылған баяндамасында көрсетілген.
Мүгедектік проблемаларын зерттеу және мүгедектер құқықтарын қорғау бойынша практикалық қызметі олардың құқықтарын қорғаудың жекелеген халықаралық жүйесін құру қажеттілігін айқындады. Осыған байланысты, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қатысты мемлекет саясатын анықтайтын халықаралық құжатты қабылдау бұрыннан қажет жағдай. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары мен ар-намысы бойынша Конвенция мүгедектер құқықтары бойынша халықаралық стандарттар кешенін және оларды қамтамасыз етуді бақылау жүйесі болатынын ескере отырып, дене және психикалық ерекшеліктеріне байланысты адамды шектеуді жоюға мүмкіндік беретін оның тиімді тетігі бола алады деп күтіледі. Сонымен қатар, бұл жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, мемлекеттің осы халықаралық құжатқа қосылуы интеграцияланған қоғамның бастамасын ұстанатынын білдіреді.
Уәкілетті 2005 жылғы 16 сәуірде Ирландияның Дублинде өткен Конвенция механизмін әзірлеу бойынша адам құқықтары жөніндегі Еуропа ұлттық мекемесі мәжілісіне осы мәселе бойынша өз өтініштерін жолдай отырып, 2001 жылғы 19 қаңтарда № 56/168 БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен бекітілген мүгедектер туралы Конвенцияның жобасын әзірлеу бойынша БҰҰ Қосалқы Комитетінің қызметін қолдады.
Қазақстан Республикасында халықаралық құқық қорғау стандарттарын таратуды қолдау саласындағы Уәкілетті қызметінің басты бағыты Париж принциптерінің 3-тармағы b) тармақшасында қарастырылған мемлекеттің халықаралық шарттарға қосылуының әрекет қызметі болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы Уәкіл мекемесі Қазақстанның 1993 жылғы 29 мамырда Гаагада қабылданған балаларды қорғау және шетелдіктердің асырап алуына қатысты ынтымақтастығы туралы Конвенциясына (бұдан әрі - Конвенция) қосылу қажеттілігі туралы идеясын ұстанды.
2005 жылғы І тоқсанда Уәкілеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің конвенцияға қосылу мүмкіндігі және ҚР заңнама базасының аталған шартқа сәйкестігі туралы мәселесі бойынша сараптама қорытындысын беруді өтінген хаты келіп түсті.
Шетел азаматтарының асырап алу мәселесі ұзақ уақыт бойы қоғамда дау туғызып келеді. Біздің мемлекет үшін, сөзсіз, тастап кеткен балаларды қазақстандық азаматтардың асырап алғаны жақсы болар еді, алайда балалардың өздерінің мүдделері бәрінен де маңызды, балаларға жағдай жасау, игіліктерді қазақстандық немесе шетелдік ата-ана жасағанына қарамастан, балаларды барлық қажеттілікті игіліктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі қажет. Сонымен қатар, Қазақстандағы халықаралық асырап алу практикасында шетелдік азаматтардың асырап алған қазақстандық балаларының өмір сүру жағдайы мен тәрбиесін бақылау рәсімі мүлтіксіз емес. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылау қазіргі күні Қазақстан Республикасының елшілігі мен консульдық мекемелерімен жүзеге асырылады («Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 209-бабының 6-тармағы).
Қазақстанның балаларды қорғау және халықаралық асырап алу саласында ынтымақтастығы туралы Гаага Конвенциясына бірігуімен Осы мәселені тиімді шешу мүмкіндігі ашылады. Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комитеті Қазақстанға Гаага конвенциясын заңдастыруды ұсынды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті Қазақстанның Гаага Конвенциясына бірігуін шетелдік азаматтардың балаларды асырап алу мәселесін реттеу үшін мүмкін және қажетті қадам деп санайды. Гаага конвенциясы асырап алынатын балалардың мүдделерін қорғау, асырап алу процесінің заңдылығы мен асырап алушы отбасында баланың орналасуына екі мемлекет тарапынан да бақылауды, асырап алу халықаралық құқық нормаларын сақтаумен жүргізілгендігі туралы кепілдік беруді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге шақырады.
Гаага конвенциясына бірігу және заңдастыру қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, сондай-ақ институттық реформалар жүргізуді талап етеді. «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабында Қазақстан Республикасы Үкіметімен балалар құқығын қорғау саласында уәкілетті органды анықтау қарастырылғанмен, қазіргі күні аталған заңның нормасы іске асқан жоқ. Сондай-ақ, уәкілетті органды құру кезінде аталған органды шетелдік азаматтардың асырап алуын жүзеге асыру бойынша өкілеттер бөліп беру мақсатында Гаага конвенциясының ІІІ, ІҮ бөлімдерін басшылыққа алуы қажет.
2005 жылдың желтоқсан айы бойы «Қазақстан Республикасының балаларды қорғау және шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастығы туралы Конвенциясына бірігуі және заңдастыруы туралы» заң жобасының мәтіні, сондай-ақ аталған заң жобасын Қазақстан Республикасы Мәжілісіне қарауға енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы келісілді.
Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі Халықаралық пакттерді қандай да бір ескертпесіз заңдастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. «Сараптама-талдау қызметі. Заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс» бөлімінде барынша егжей-тегжейлі қарастырылған.