Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Маңғыстау селосы №5 жалпы білім беру орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Елубаева А.Қ.
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
А) Зат есім жайлы түсініктерін арттыру, білетіндерін толықтыру. Топпен жұмыс;
Ә) Ой - өрісін, жазбаша, ауызша сөйлеу тілін, өз бетінше жұмыс істеу, күрделірек және шығармашылық тапсырмаларды орындай білу қабілеттерін дамыту;
Б) Ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрету;
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, өз бетінше жұмыс, топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы, сөзжұмбақ, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сыныптың тазалығы.
2. Оқушылардың қатысы.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару (психологиялық дайындық: Шаттық шуағы).
Үлкенге де – Сіз,
Кішіге де – Сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Ізетпенен Біз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
3 - жаттығу. Сөздер тобына үш сөзден қосып жазу.
І топ: Құстар:
Үй құстары: Не? бүркіт,...
тауық,...
ІІ топ: Балықтар:
Аңдар:
Не? жайын,...
жолбарыс,...
ІІІ топ: Еңбек құралдары:
Көлік: Не?
егеу,...
трамвай,...
Өткен сабақты пысықтау:
1) Сөз таптарын ата. Қандай сөз табымен таныстық?
Зат есім дегеніміз не?
● Негізгі зат есім
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.
Әке, ана, бала, әже, ата, сурет, жапырақ, дәптер, құмырсқа, зымыран.
● Туынды зат есім
Түбір сөзге жұрнақ жалғату арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.
Балалық, домбырашы, күйші, жұмыскер, сызғыш, ілгіш, достық.
ІІІ. Сөзжұмбақты шешу:
ұ с т а З
б А л ы Қ
т ү Т і н
ж Е л
е С е к
е т І к ш і
к и і м
1. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.
(ұстаз)
2. Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (балық)
3. Жерде туып, көкте өледі. (түтін)
4. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады. (жел)
5
Жанды сағат,
Айқай салады.(есек)
6. Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңда қартайды.
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды.
(етікші)
7. Адамның сәні -
Онсыз жоқ мәні.
(киім)
IV. Дәптермен жұмыс
Қаңтардың жиырма сегізі
Зат есім
Көркем жазу
Кітап - алтын қазына.