Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар анықтамаларын, формулаларын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын пайдаланып, есептер шығару

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар анықтамаларын, формулаларын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
Дамытушылық: есептеу дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, білімдерін тереңдету, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, достыққа, шапшандыққа тәрбиелеу. Өз елінің патриотын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Іскерлік Компаниялар додасы ойын сабағы.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: үшөлшемді әдістемелік жүйесі, жеке, топтық
Пәнаралық байланыс: казақ әдебиеті, геометрия, биология, физика, ән
Көрнекілігі: Бағалау парағы, мақал - мәтел, плакаттар, үлестірмелер.
Құрал - жабдықтар: Интербелсенді тақта, Power Point (слайдттар),
Windows Media (видео - ролик), Winamp (ән) бағдарламалары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг: Мен өзіме сенемін
• Оқушыларға Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме туралы айтып кету. Үкімет отырысында Астана ЭКСПО - 2017 ұлттық компаниясы АҚ - ны құру жөніндегі қаулы жобасы мақұлданды.
• Ұлттық компанияның басты міндеті ЭКСПО - 2017 аумағында инфрақұрылым мен объектілерді жобалау және салу болады.
Топтарға бөлу үшін: 1 - 10; 11 - 20; 21 - 31 ондықтар тобынан ұнаған санды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
Оқушылар 3 топқа (компанияларға) бөлініп отырады. Компания президенттеріне бағалау парақтары таратылады.
Сары түсті: Қазақстан үміткерлері компаниясы
Жасыл түсті: Қазақстан дарындары компаниясы
Көк түсті: Қазақстан озаттары компаниясы

EXPO - 2017. Астана туралы видео - ролик көрсетіліп, Атамекен әні орындалады
ІІ. Заңдар аясында...
Көптеген компаниялар бәсекеге қабілетті және алдыңғы қатарда болу үшін, заңдарды білу керек.


Скачать


zharar.kz